Шығынға батқан шаруалар
Шымкенттік 160-қа жуық шаруақожалық ағын судың азабын тартып, шығынға батудың алдында тұр. Даурыққан диқандар Еңбекші ауданының аумағында құлпынай, жүгері, жоңышқа, картоп пен басқа да көкөніс түрін еккен. Алайда егістікті сумен қамтып келген «Көк» каналының жөндеу жұмыстары созбалаңға салынып, тіршілік нәрінен тарығып қалдық, – дейді. Шаруа Камилбай Ергешов талай жылдан бері егіншілікпен айналысады. Биыл өзіне тиесілі…