Тоқтар Әубәкіров коронавирус жұқтырды

Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров коронавирус індетін жұқтырып алды. Бұл туралы журналист Жұмабике Жүнісова өзінің фэйсбук парақшасында жазды. Оның айтуынша ғарышкер коронавирус жұқтырғанына 1 апта болған. Қазіргі таңда ғарышкерді жедел жәрдем аурухана әкеткен. Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров  Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1-ші Май ауылында дүниеге келген.  Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш шілде айында 75-ке толды.

Read More