Түркістан: Арыста ашылған орталық 400-ден астам жанға қызмет көрсетуде
Түркістан облысы Арыс қаласында жаңадан ашылған «Тең қоғам» әлеуметтік орталығы ел игілігіне қызмет жасауда. Мекеме мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық ортаға бейімделуіне ықпал етуде. Бүгінде мекеменің қызметін 400-ден астам азамат пайдаланып келеді. Орталықта әлеуметтік педагогтар жалпы 8 бағыт бойынша жұмыс істейді. Олардың қатарында массаж, кітапхана қызметі мен жүгіру құрылғысы, шахмат, дойбы және зағип жандарға арналған үстел…