Түркістан қаласында 300 көшеге тас төселеді
Биыл Түркістан қаласында қашықтығы 286,4 шақырымды құрайтын 300 көшеге тас төсеу жоспарланып отыр,-деп хабарлайды TurkistanZaman ақпараттық порталы. Қазіргі таңда Түркістан қаласында жалпы 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. Оның 301 шақырымы асфальт жол болса, 257,6 шақырымды құрайтын көшелерге тасжол төселінген. Қалған 286,4 шақырымы – топырақ жол. Түркістан қаласындағы тас төсеу жұмыстары Баянауыл елді мекенінен басталды….