Сәкен Бибосынов қола жүлдегер атанды
Бокстан Токио Олимпиадасында 52 келі салмақ дәрежесінде жартылай финалдық жекпе-жектер өтті. Қазақ ұланы Сәкен Бибосынов Ұлыбритания өрені Галал Яфаймен кездесті. Алғашқы раундта британдық боксшы өте белсенді болған. Бірақ сергек әрі сауатты әрекет еткен Сәкен адуынды қарсыласын қарымта соққылармен күтіп алып жүрді. Әттеген-айы, бірінші раундта Сәкен ногдаун алып қалды. Дегенмен екінші және үшінші раундтарда Сәкен үнемі…