Қазақтар да, корейлер де тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жақсы түсінеді – Тоқаев
Қазақстан Президенті Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның құрметіне орай өткен рәсімге қатысты, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Мемлекет басшысы салтанатты жиындағы сөзінде, «бұл – Қазақстанның корей жұртына деген шынайы ықыласы мен зор құрметінің белгісі» деп атап өтті. – Мұндай іс-шаралардың тарихи мән-маңызы айрықша. Қазақтар да, корейлер де Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жақсы түсінеді. Хон Бом До…