Тараздағы оқсауыттар түсірілген видеоға қорғаныс министрлігі түсініктеме берді
ҚР Қорғаныс министрлігі жарылыс болған Байзақ ауданындағы мейрамхана ауласындағы снарядтардың сырты мен оқсауыттар түсірілген видеоға қатысты түсіндірме берді. Бейнеролик әлеуметтік желілерде жарияланған болатын, деп хабарлайды zakon.kz. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, пайдалануға жарамсыз оқ-дәрілерді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ведомстволық ұйымы “Қазтехнология” акционерлік қоғамына береді. “Қазтехнология” АҚ ұйымы олардың құрамындағы жарылыс қаупі бар заттарды алып, оны жоя…