«Көлкент – Манкент шипажайы» бағытындағы жол жөнделуде
Сайрам ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-38 «Әсіларық-Көлкент-Манкент шипажайы» автожолының 18,7 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өндірістік кестеге сәйкес жолдың бірқатар бөлігінде беткі қабатын қырып, жарамсыз жабынын жөнге келтіріледі. Кей учаскілерде жолдың ұлтаны қайта салынып, екі қабат асфальт төселеді. Тапсырыс беруші Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Мердігер мекеме «Шымкентдорстрой» ЖШС. Нысанның жөндеу жұмыстары…