Су жаңа үй тұрғындары суықта бүрсең қағып отыр…
«Үйіміз бола тұра, пәтер жалдап тұруға мәжбүрміз». Бұл – Түркістанда құрылысы толық бітпеген «Арман» тұрғын үй кешені тұрғындарының базынасы. Олар қақаған қыста да жылу беруге асықпайтын басшыларға қапалы. Құрылысқа жауаптылардың уәдесінде тұрмай алдап соққаны аздай, қала әкімдігі де жауап беруден жалтарып жүргені олардың ызасын келтірген. Қарашаның қара суығында бүрсең қағып отырған халықпен Алтынбек Әмит тілдесіп…