Елордада Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровке ескерткіш қойылды
Ескерткіш Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайының алдында орнатылды. Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайының алдында Олимпиада чемпионының ескерткіші қойылды. Салтанатты шараға Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, қала әкімінің орынбасары Асхат Оралов қатысты. Жекпе-жек сарайы 2019 жылы ашылса, 2020 жылдың соңында оған Жақсылық Үшкемпіровтың есімі берілген болатын. Жақсылық Үшкемпіров – алтын медаль иеленген қазақтан шыққан…