Олимпиададан медальсіз қайтқандарға сыйақы беріледі
Бейжіңдегі Қысқы олимпиададан Қазақстанның қоржыны бос қайтты. 34 спортшының бірде-біреуі үздік үштіктен көрінбегені қоғамның да Үкіметтің де тарапынан қатаң сыналуда. Қазақстан құрамасынан жүлдеге жақын болған жалғыз Абзал Әжғалиев болды. Шорт-трек шеберіне 30 000 доллар сыйақы берілмек. Дәл сондай төлем, оның бапкерлеріне де үлестіріледі. Жалпы, байрақты бәсекеге қатысқан спортшыларға 140 000 доллар бөлінеді деп күтілуде. Тәуелсіздік…