Алаш арыстарына ескерткіш қойылды
Сарапхана ауыл іргесінен өтетін күре жолдың бойындағы ең көрнекті жерде үш арыс кеңес құрып отыр. Бұл көріністің көрген адамға ой салып, жүрегіне сәуле төгері сөзсіз. Қоладан құйылған еңселі ескерткіштің биіктігі тұғырын есепке алмағанның өзінде 5 метрден асады. Айналдыра салынған қабырға тастарында алаш қайраткерлерінің қанатты сөздері жазылған. Қазығұрт ауданында «Мәңгілік ел» кешенінде Алаш арыстарына ескерткіш қойылды….