Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы сайланды
Түркістанда ақын-жазушылардың «Түркістан – Тәуелсіздік тұғырында» атты кездесуі өтті. Рухани басқосуға Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет, төраға орынбасарлары – жазушы Мереке Құлкенов, ақын Ақберен Елгезек және Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, ақын Қасымхан Бегманов бастаған республиканың және Түркістан облысының қаламгерлері қатысты. Жиынды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов жүргізіп отырды. Тәуелсіздік мерекесінің…