Талибан қайта билікке келді. Ауған әйелдері мен қыздарын не күтіп тұр?
Талибан (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) Кабулды басып алған күн ауғандықтар үшін ең қаралы күндердің бірі болды. Тәліптерден ерлер де, әйелдер де қорқады. «Бұл күн есімнен кетпейді. Мен кеңсемнен шығып, Кабул көшелерімен үйіме қарай жүгірдім. Тәліптер мені көрсе өлтірулері мүмкін еді, себебі іскерлік костюмде болдым. Олар үйме-үй тінтімейміз деп уәде беріп жатыр, бірақ мен оларға сенбеймін»…