Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАР СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫНДА БЕЛСЕНДІЛІК КӨРСЕТТІ

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАР СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫНДА  БЕЛСЕНДІЛІК КӨРСЕТТІ
saqnews.kzsaqnews.kz
15 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
6
VIEWS

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық науқаны шеңберінде Сарыағаш ауданында өткен кең ауқымды сенбілік ел азаматтарының табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды. Бұл жолғы шараның ерекшелігі – оған аудан тұрғындары ғана емес, жастар, еріктілер, мемлекеттік қызметкерлер және кәсіпкерлік субъектілері де белсене атсалысты.

Сенбілік жұмыстары таңғы сағат 08:00-де бір мезгілде басталып, аудандағы барлық мекемелер мен ұйымдарға нақты аумақтар бөлініп берілді. Олар өздеріне жүктелген аймақтарда тазалық пен көріктендіру шараларын жүйелі түрде атқарды. Аудан орталығы мен елді мекендерде орналасқан қоғамдық орындар, мектеп, балабақша аумақтары, мәдениет ошақтары, саябақтар мен демалыс аймақтары күл-қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар, көшелердің бойындағы ағаштардың түбі әктеліп, бордюрлер сырланды. Қала мен ауыл ішіндегі жол жиектерінде шөптер орылып, қураған бұтақтар кесіліп, арнайы техникалардың көмегімен шығарылды.

Аудан басшысы Арман Абдуллаев сенбілікке өзі де қатысып, бірқатар нысандарды аралап шықты. Ол өз сөзінде:
«Тазалық – тәртіптің айнасы. Қоршаған ортаға жанашырлық таныту – әр азаматтың борышы. Біз балаларымызға көрікті әрі таза табиғатты аманаттауымыз керек», – деп атап өтіп, сала басшылары мен мекеме жетекшілеріне сенбілік жұмыстарын тек бір реттік шара ретінде емес, жүйелі үдеріс ретінде жалғастыруды тапсырды.

Шара аясында аудан бойынша бірнеше тонна тұрмыстық және құрылыс қалдықтары арнайы орындарға тасымалданды. Бұл жұмыстарға коммуналдық мекемелерден бөлек, жеке кәсіпкерлер өз техникасымен көмек көрсетті. Жол жиектері мен жаяу жүргіншілер жолдары да ретке келтіріліп, кейбір аймақтарда гүлзарлар отырғызылды.

Сенбіліктің басты мақсаты – елді мекендердегі тазалықты қамтамасыз ету ғана емес, сонымен бірге қоғам назарын қоршаған ортаны қорғауға аудару. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың табиғатқа жанашыр көзқарасын дамыту – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Бұл бағытта Сарыағаш ауданында бұған дейін де бірнеше рет түрлі экологиялық шаралар ұйымдастырылып келген болатын.

Сарыағаш ауданында мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады. Аудан әкімдігінің бастамасымен әр апта сайын сенбіліктер өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, «Жасыл белдеу», «Эко-бақ» және «Таза ауыл» секілді жобалар арқылы ауылдық округтерде абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары күшейтілмек.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАНДА СЕНБІЛІККЕ 800-ДЕН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ

Келесі жаңалық

ЖЕТІСАЙДА ЗАМАНАУИ ТЕННИС ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ БАС СУ ТОРАБЫ МЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ БАС СУ ТОРАБЫ МЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

12 августа, 2025
ТҮРКІСТАНДА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖАСТАР МЕН ТҰРҒЫНДАРҒА «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫ ТАРАТЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖАСТАР МЕН ТҰРҒЫНДАРҒА «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫ ТАРАТЫЛДЫ

12 августа, 2025
ЕЛІМІЗДЕ ЖИЫН-ТЕРІМ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Басты жаңалықтар

ЕЛІМІЗДЕ ЖИЫН-ТЕРІМ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

12 августа, 2025
ТҮРКІСТАНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

8 августа, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ БАС СУ ТОРАБЫ МЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

12 августа, 2025

ТҮРКІСТАНДА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖАСТАР МЕН ТҰРҒЫНДАРҒА «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫ ТАРАТЫЛДЫ

12 августа, 2025

ЕЛІМІЗДЕ ЖИЫН-ТЕРІМ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

12 августа, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

8 августа, 2025

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ШАРДАРА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

6 августа, 2025

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА ТҰРҒЫНДАРДЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

6 августа, 2025

ШАРДАРА ҚАЛАСЫНДА УАҚЫТША СУ ТАПШЫЛЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

6 августа, 2025

ШАРДАРА ҚАЛАСЫНДА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

6 августа, 2025

ХАБАРЛАНДЫРУ! ҚҰРМЕТТІ ШАРДАРА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

6 августа, 2025
Келесі жаңалық
ЖЕТІСАЙДА  ЗАМАНАУИ ТЕННИС ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

ЖЕТІСАЙДА ЗАМАНАУИ ТЕННИС ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

Құрметті Жұмыс берушілер!

Құрметті Жұмыс берушілер!

saqnews.kz
4 августа, 2025
0

ХАБАРЛАНДЫРУ! ҚҰРМЕТТІ ШАРДАРА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

ХАБАРЛАНДЫРУ! ҚҰРМЕТТІ ШАРДАРА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

saqnews.kz
6 августа, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz