Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ОҢ БАҒАЛАДЫ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ОҢ БАҒАЛАДЫ
saqnews.kzsaqnews.kz
23 июля, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
18
VIEWS

 

✔️Облыс орталығына ҚР Президентінің кеңесшісі Зүлфия Сүлейменова арнайы жұмыс сапарымен келіп, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде болды. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Зүлфия Сүлейменованы қарсы алып, өңірдегі экологиялық бастамалар мен ғылыми жобаларға қолдау білдіретінін жеткізді.

✔️Алдымен Президент кеңесшісі университет жанындағы Ботаникалық бақты аралап, ғылыми құрылым жетекшілері мен бақ қызметкерлерімен пікір алмасты. Университеттің ректор өкілі міндетін атқарушы Нажи Генч атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Жер көлемі 88 гектар аумақты құрайды. Мұнда 127-ден астам өсімдік түрі бапталады. Сондай-ақ өңір климатына бейімделген коллекция қалыптасқан. Сирек кездесетін ағаш-бұталар мен дәрілік өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері зерттеліп, интродукциялық және экологиялық бағытта ғылыми ізденістер жүргізіледі.

✔️Сапар барысында Президент кеңесшісі мен облыс әкімінің орынбасары баққа көшет отырғызып, естелік тақтайша орнатты.

✔️Одан кейін ботаникалық бақ жанындағы жеміс-жидектерді өңдеу цехының жұмыс барысы таныстырылды. Бұл жоба университет ғалымдарының бастамасымен жүзеге асуда. Мұнда жиналған жеміс-жидектер заманауи әдіспен өңделіп, одан кептірілген экологиялық таза өнімдер алынады. Президент кеңесшісі мен қонақтар өнім сапасына оң бағасын берді.

✔️Зүлфия Сүлейменова университеттің ғылыми әлеуетімен танысып, ғалымдармен кездесу өткізді. Мәжілісте экология, биологиялық ресурстарды сақтау, ғылыми зерттеулердің қоғамға әсері, жастарды ғылымға тарту жолдары туралы пікір алмасты.

📌– Президентіміз Ұлттық құрылтайдың 4-отырысында биологиялық ресурстарды сақтау мәселесіне аса мән берген болатын. Тіпті, халықаралық биоәртүрлілікті сақтау қорын құруды да ұсынды. Қазір біз осы бастаманы ұйымдастыру жұмыстарымен айналысудамыз. Осы мақсатта еліміздегі ботаникалық бақтарды аралап, жұмыстарымен таныстым. Бүгін Түркістан облысына келудегі басты мақсатым – Қожа Ахмет Ясауи университетінің Ботаникалық бағының жұмысымен танысу, ғылыми жобалар туралы ақпарат алу, сондай-ақ, бақтың оқу үдерісімен байланысын білу еді. «Университетте «Ғылыми биология» мамандығы оқытылады екен, бұл – өте қуантарлық жағдай. Жастарды ғылым жолына тарту үшін дәл осындай бағыттарды дамыту қажет, – деді Зүлфия Сүлейменова.

✔️Оның айтуынша, қазір республикалық деңгейде 6 ботаникалық бақ бар. Ал Ахмет Ясауи университетінің Ботаникалық бағы – өңірлік деңгейде ықпалы жоғары әрі университет жанынан ашылған жалғыз бақ. Аумағы ауқымды, әлеуеті де зор. Президент кеңесшісі бұл тәжірибені басқа жоғары оқу орындарына енгізу мүмкіндігін қарастыру керектігін атап өтті.

✔️Кездесу соңында ҚР Президентінің кеңесшісі Ботаникалық бақтың ғылыми және экологиялық маңызын жоғары бағалап, университет ұжымының жұмыстарын оң бағалады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысында жанармайды жасырын тоннель арқылы өткізген қылмыстық топ әшкереленді

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕТІСАЙ ЖӘНЕ МАҚТААРАЛ АУДАНДАРЫНДА 74 587 ГА ЕГІС АЛҚАБЫ СУАРЫЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕТІСАЙ ЖӘНЕ МАҚТААРАЛ АУДАНДАРЫНДА 74 587 ГА ЕГІС АЛҚАБЫ СУАРЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕТІСАЙ ЖӘНЕ МАҚТААРАЛ АУДАНДАРЫНДА 74 587 ГА ЕГІС АЛҚАБЫ СУАРЫЛДЫ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

saqnews.kz
5 октября, 2025
0

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz