Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ҚАЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН ПАЙДАЛАНЫЛУДА

ҚАЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН ПАЙДАЛАНЫЛУДА
saqnews.kzsaqnews.kz
28 апреля, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
7
VIEWS
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында жаңа музыкалық өнер мектебінің құрылысын бастау шеңберінде уақыт капсуласын салу рәсімі өтті.
Іс-шараға облыс әкімі Нұралхан Көшеров және Қазақстан Бас прокуратурасының Активтерді қайтару комитетінің төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков, облыс прокуроры Мұрат Тілеубердиев, ауылдың ақсақалдары мен құрметті тұрғындары қатысты.
Аталған мектептің құрылысы – Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес қайтарылған капиталды халық игілігі үшін тиімді пайдалану аясында Үкіметпен мақұлданған алғашқы әлеуметтік жобалардың бірі.
Салтанатты рәсім барысында қатысушылар жергілікті тұрғындарды құрылыс жұмыстарының басталуымен құттықтап, бұл мектептің іске қосылуы елде жүргізіліп жатқан активтерді қайтару жұмыстарының нақты нәтижесін халық өз көзімен көруге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
Жергілікті ақсақалдың батасынан кейін қатысушылар болашақ ұрпаққа арналған уақыт капсуласын салды.
Айта кетейік, бұған дейін ауылда 1974 жылы салынған, қазіргі таңда апатты жағдайда тұрған музыкалық мектеп жұмыс істеп келген болатын.
Құны 890 млн теңге тұратын 300 оқушыға арналған жаңа мектеп көршілес ауылдардың оқушыларын да қабылдайды.
Бүгінге мемлекет пайдасына жалпы сомасы шамамен 610 млрд теңге көлемінде активтер қайтарылды, оның ішінде 506 млрд теңге – ақшалай қаражат, 103 млрд теңге – мүлік.
Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет арнайы мемлекеттік қордан білім беру, денсаулық сақтау, спорт және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту салаларында 280 әлеуметтік нысанның құрылысын қаржыландыру үшін қаражат бөлді. Аталған жобалар елді мекендерді дамытуға бағытталған кешенді тәсілдің бір бөлігі болып табылады және өмір сүру үшін
қолайлы жағдайларға тікелей әсер ететін маңызды инфрақұрылымды ілгерілетуге серпін беруге арналған.«Заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңның мақсаттары мен міндеттерін іске асыру «Заң мен Тәртіп» қағидатын тиімді қамтамасыз етумен өзара үйлесетінін атап өту қажет. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Алдыңғы жаңалық

«АРЫС-2025»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС БРИГАДАСЫНЫҢ ЖАТТЫҒУЛАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Келесі жаңалық

ЖЕТІСАЙЛЫҚТАР ҚҰЛПЫНАЙ ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛЫП ЖАТЫР

Ұқсас жаңалықтар

АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР
Басты жаңалықтар

АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР

17 июля, 2025
Биіктіктегі батырлар — өнеркәсіптік альпинистер
Басты жаңалықтар

Биіктіктегі батырлар — өнеркәсіптік альпинистер

16 июля, 2025
80 ТОННАҒА ЖУЫҚ БАЛЫҚ ШАБАҚТАРЫН ӨСІРІП ОТЫР
Басты жаңалықтар

80 ТОННАҒА ЖУЫҚ БАЛЫҚ ШАБАҚТАРЫН ӨСІРІП ОТЫР

14 июля, 2025
ТҮЛКІБАСТЫҚ КӘСІПКЕР 15 АУЫЛ ТҰРҒЫНЫН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫП ОТЫР
Басты жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТЫҚ КӘСІПКЕР 15 АУЫЛ ТҰРҒЫНЫН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫП ОТЫР

14 июля, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР

17 июля, 2025

Биіктіктегі батырлар — өнеркәсіптік альпинистер

16 июля, 2025

80 ТОННАҒА ЖУЫҚ БАЛЫҚ ШАБАҚТАРЫН ӨСІРІП ОТЫР

14 июля, 2025

ТҮЛКІБАСТЫҚ КӘСІПКЕР 15 АУЫЛ ТҰРҒЫНЫН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫП ОТЫР

14 июля, 2025

ТҮЛКІБАСТА ЭКОТУРИЗМ ЖАНДАНАДЫ: «ALTY KÖL» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

14 июля, 2025

АУДАН, ҚАЛА БАСШЫЛАРЫ САУРАНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАРМЕН ТАНЫСТЫ

14 июля, 2025

ОТЫРАР ЖӘНЕ АРЫС КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

13 июля, 2025

САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӨЗІНДІК КІРІСТЕРІН ҰЛҒАЙТУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ

13 июля, 2025

САЙРАМДА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

13 июля, 2025
Келесі жаңалық
ЖЕТІСАЙЛЫҚТАР ҚҰЛПЫНАЙ ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛЫП ЖАТЫР

ЖЕТІСАЙЛЫҚТАР ҚҰЛПЫНАЙ ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛЫП ЖАТЫР

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ШАРДАРА: ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ ҚАРСАҢЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ШАРДАРА: ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ ҚАРСАҢЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

saqnews.kz
10 июня, 2025
0

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

saqnews.kz
11 июля, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz