Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Денсаулық

Pfizer екпесін салу басталды

16 ноября, 2021
in Денсаулық
0
0
SHARES
66
VIEWS

Бүгін түркістандықтардың алғашқы легі PFIZER вакцинасын қабылдады. Елімізде алтыншы болып тіркелген бұл екпе түрі бірінші кезекте жүкті әйелдер мен 12-17 жастағы жасөспірімдерге өз еріктерімен салынуда. Халықтың вакцина салуға ынтасы қандай? Тілші бейнематериалы.

Диас Тоқтамыс – қаладағы Нұртас Оңдасынов атындағы  «Дарын» мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы. PFIZER вакцинасы аймаққа жеткенін ести сала, осында келіпті. Аталған екпені алуына — оның организмге қауіпсіздігі, сонымен қатар шет елдерге емін-еркін кіріп-шығуға мүмкіндік беретіні себеп болған. Өйткені, жасөспірім болашақта шет елде білім алуға ниетті.

Диас Тоқтамыс, оқушы:

«Мен бүгін PFIZER вакцинасын алуға келісім бердім. Және ата-анам да қарсы болған жоқ. PFIZER вакцинасын салғаным өзімнің және жақындарымның денсаулығы  үшін. Дәл қазір өзімді жақсы сезініп тұрмын. Және барлығыңызды вакцина салдыруға шақырамын».

Ал Нұргүл Сайлауова бүгінде жүктіліктің 34 аптасында.  Ол екпені өзінің және болашақ перзентінің денсаулығының кепілі деп санайды. Сондықтан вакцинаны алғашқылардың бірі болып салдырды.

Нұргүл Сайлауова, болашақ ана:

«Бүгін маған вакцина салу бақыты бұйырып отыр екен. Жүктіліктің 34 аптасындамын. Вакцинаны салдыру ойымда көптен бері жүрген еді. Балам үшін және өзімнің денсаулығым үшін. Қазір өзімді жақсы сезініп тұрмын. Ешқандай ауырсыну жоқ. Көңіл-күйім де жақсы».

Емхана басшысының орынбасары Динара Бердіқұлованың айтуынша, Түркістан қалалық емханасына PFIZER  вакцинасының 11,148 дозасы бөлінген. Бүгін оның 240 дозасын егу жоспарланған. Түске дейін екпе алғандардың саны 50-ге жеткеніне қарап, халықтың вакцинаға деген көзқарасы жақсы екендігін аңғаруға болады.

Динара Бердіқұлова, қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары:

«Дәл қазір 50-ге жуық адам өз еркімен келіп вакцина алып отыр. Соның ішінде 22 жүкті әйел, 24 мектеп оқушысы мен босанғанна кейінгі 40 күн өткен бала емізетін әйелдер бар. Барлығының жағдайы бірқалыпты. Олар үш күндік медициналық бақылауға алынды».

Мамандардың айтуынша, PFIZER вакцинасының басқа екпелерден ерекшелігі – ешқандай кері әсер бермеуінде. Себебі оның құрамында ешқандай вирустық құрам жоқ.

Tags: PfizerВакцинажасөспірімдержүкті әйелдерҚалалық емхана
Алдыңғы жаңалық

400-ге жуық отбасы Солтүстікке қоныс аударды

Келесі жаңалық

300-ден астам отбасы 28 миллион теңгені «жеп қойған»

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025
Түркістанда жаңа перзентхана салынады
Cаясат

Түркістанда жаңа перзентхана салынады

13 мая, 2025
Денсаулық

Дәрігерлер науқасты емдеуден бас тарта алады

17 октября, 2022
Денсаулық

Елде жыл сайын 5000 әйел сүт безі қатерлі ісігіне шалдығады

14 октября, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық

300-ден астам отбасы 28 миллион теңгені «жеп қойған»

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz