ТҮРКІСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАП КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІ ҚАЛАМГЕРЛЕР МЕН ОҚЫРМАНДАРДЫ ЖАҚЫНДАТТЫ
Түркістан төрінде алғаш рет ұйымдастырылған халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі жалғасуда. «Turkistan Book Fair» жәрмеңкесіне алыс-жақын шетелдер мен еліміздің түкпір-түкпірінен 50-ге жуық баспа ұйымы қатысуда. Олардың қатарында Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Саха Республикасы (Якутия), Ресей және Моңғолия бар. Сондай-ақ көрмеге еліміздің кітап нарығында өзіндік орны бар жетекші отандық баспалар да қатысуда. Атап айтқанда, «Атамұра», «Алматыкітап баспасы», «Қасым»…