«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Шардара ауданында жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты.
Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттың партиялық фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев жұмыс сапарымен Шардара ауданына келді. Сапар барысында аудан әкімінің орынбасары Е.Каратунов ауданда жүзеге асырылып жатқан маңызды әлеуметтік және өндірістік нысандардың іске асырылуы барысы жайлы баяндады. А.Үмбетәлиев Шардара қаласындағы индустриялық аймақта орналасқан «Казкрахмал» жүгері өңдеу зауытында болып, кәсіпорын басшысы Р.Кияшбаевпен кездесіп зауытты…