ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПЕН ҚХР ТӨРАҒАСЫ СИ ЦЗИНЬПИН ЖҮРГІЗГЕН КЕЛІССӨЗ НӘТИЖЕСІНДЕ 24 ҮКІМЕТАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ҚҰЖАТҚА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Екі ел делегациясының мүшелері энергетика, аэроғарыш, цифрландыру, кеден, ауыл шаруашылығы, электронды сауда, туризм, зияткерлік меншік, медицина, медиа, ғылым, өңіраралық байланыс салаларындағы ынтымақтастықты қамтитын құжаттармен алмасты. Олардың ішінде инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау, техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімдер бар.

Read More

САРЫАҒАШТА КҮНІНЕ 100 МЫҢ ДАНА БІР РЕТТІК ЫДЫС-АЯҚ ӨНДІРІЛЕДІ

Сарыағаш ауданының индустриялық-инновациялық даму бағытында жүзеге асып жатқан жобалардың бірі – Құркелес ауылдық округінде орналасқан «Bah-Asmar» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бір реттік ыдыс-аяқ өндіретін цехы. Аталған өндіріс орны бүгінгі таңда тәулігіне 100 мың дана өнім шығарып, 55 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Бұл – аудан халқы үшін жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың нығаюына елеулі…

Read More

ЖҰМЫСШЫ ТОП АУДАНДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН АРНАЙЫ ТЕКСЕРЕДІ

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков лездемелік мәжіліс өткізіп, аудандарға берілген тапсырмалардың орындалуын саралады. Басқарма басшылары жылыжай шаруашылығын дамытудың, жылыжай қарқынды бау егу жоспарының, үшжақты келісім негізінде индикаторлық көрсеткіштердің орындалу кестесін ұсынып, есебін берді. Мәліметтерді саралай келе Нұрбол Тұрашбеков өзектілік картасына енгізілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды: – Аудандардың жолдаған мәліметтерін тексеріп, қалыптасқан шынайы жағдаймен салыстыру…

Read More

КЕЛЕСТЕ БИЫЛ 33,8 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

Келес ауданында елді мекендердегі ішкі көшелерді жөндеу жұмыстары жалғасуда. Биыл аудан аумағындағы 33,8 шақырым жолды жөндеу жұмыстарымен қамту жоспарланған. Бүгінде бірқатар елді мекендерде асфальт төсеу және жол негізін дайындау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Қошқарата ауылдық округіне қарасты Жамбыл елді мекенінде Ш.Тұрсынбаев көшесінің 2,6 шақырымына асфальт төсеу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстарды «Сарыағаш Сәулет» ЖШС атқаруда. Сонымен…

Read More

ТҮРКІСТАН МЕКЕНІНЕ АҚ ЖАЙЫҚТЫҢ ӨНЕР КЕРУЕНІ КЕЛДІ

Бүгін Түркістанда Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясына қарасты Шамғон Қажығалиев атындағы эстрадалық-симфониялық оркестрінің «Арайлы Ақ Жайықтан – Түрленген Түркістанға!» атты концерті өтті. Кешке Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков, Әлімбай Ботақараев бастаған зиялы қауым өкілдері қатысты. Бейсенбай Дәулетұлы жиынды ашып беріп, мазмұнды кештің маңызына тоқталды. Сонымен қатар облыс басшылығының…

Read More

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҚЫТАЙМЕН 3 ІРІ ЖОБА БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен «Орталық Азия – Қытай» индустриялық және инвестициялық ынтымақтастықтың ІІ форумы өтті. Халықаралық шараға Қазақстан, Өзбекстан, Тажікстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Қытай елдерінің өкілдері, бизнес қауымдастықтары мен ірі инвесторлары қатысты. Форумның негізгі мақсаты – Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы экономикалық байланысты дамыту және нығайту, өзара инвестиция…

Read More

«ҮКАША АТА» КЕСЕНЕСІНІҢ АУМАҒЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының аясында Сауран ауданында қоршаған ортаны қорғауға және тарихи-мәдени нысандардың тазалығын сақтауға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі – «Киелі мекен» айдары шеңберінде ұйымдастырылған «Үкаша ата» кесенесінің аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау шарасы. Бұл іс-шара табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға, жастарды отансүйгіштік пен туған жерге деген жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталған. Киелі мекендердің тазалығы –…

Read More

БИЫЛ ТҮЛКІБАСТА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 18 КӨШЕГЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Биыл Түлкібас ауданында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында үш ауылдық окруктегі бес ауылда жалпы 18 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, жол жөндеу жұмыстарымен Майлыкент, Машат, Ақбиік ауылдық округтеріндегі Т.Рысқұлов, Бақыбек, Ақбиік, Машат, Құлан елді мекендері қамтылмақ. Жұмыс барысы бақылауда. Аудан әкімі Асқар Естібаев Майлыкент ауылдық округіне қарасты Т.Рысқұлов ауылындағы орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп…

Read More

«ҮКАША АТА» КЕСЕНЕСІНІҢ АУМАҒЫ ТАЗАРТЫЛЫП, АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Киелі мекен» айдары аясында Сауран ауданының аумағындағы орналасқан «Үкаша ата» кесенесінің маңы абаттандырылып, санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның басты мақсаты – киелі жерлердің тазалығын қамтамасыз етіп, табиғат пен тарихтың тұтастығын сақтау. Ауқымды тазалық шарасына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы қатысып, тұрғындармен бірге тазалық жұмысына атсалысты. Тұрғындарды қасиетті орындарды көркейтуге, қоршаған ортаны…

Read More

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ ШАРДАРАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев Шардара ауданына арнайы іссапармен келіп, ауданда жүзеге асырылып жатқан бірқатар құрылыс және инфрақұрылымдық жобалардың барысымен танысты. Іссапар барысында аудан әкімі Арман Қарсыбаев ауданда туризмді дамыту мақсатында қолға алынған жағажайға баратын жол құрылысымен таныстырды. Қазіргі таңда жолды тегістеп тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ жоспарда жолға асфальт төсеп, жағажайға…

Read More