ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 372 АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕННІҢ ИНТЕРНЕТКЕ ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Қазақтелеком» АҚ-ның басқарма төрағасы Бағдат Мусинді қабылдады. Кездесуде облыстағы ауылдарға интернет жүйелерін тарту, байланыс сапасын жақсарту және өзге де пилоттық жобалар талқыланды. Өңір басшысы Түркістанға арнайы келіп, инвестициялық жобаларды жүзеге асырғалы жатқан «Қазақтелеком» АҚ-ның басшысына алғысын айтып, қолдау көрсетілетінін жеткізді. – Киелі Түркістан қаласына қош келдіңіздер. Мемлекет басшысы «Қазіргі цифрлық…

Read More

ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНЫП, ТИІСТІ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты мекемелердің өзекті мәселелерін талдау бойынша кезекті мәжіліс өткізіп, Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи парк басшысының, Қазығұрт ауданындағы «Жасыл желек» мекемесінің, Шардара ауданындағы «Орман және жануарлар әлемін қорғау» мекеме басшыларының есебін тыңдады. Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи парк басшысы Ақыл Әбдіқадыровтің ұсынған мәліметіне сәйкес, мекеме…

Read More

ТҮРКІСТАН – ЖЫЛЫЖАЙ АГРОБАЗАСЫНЫҢ ЖАҢА ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛМАҚ

Түркістан облысында заманауи кешенді жылыжай жобасын жүзеге асыру көзделіп отыр. Жоба аясында аграрлық өндіріс, білім, туризм және ғылым тоғысқан көпфункциялы база құрылады. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен ҚХР-ң мемлекеттік компаниясының Қазақстандағы филиалының бас директоры Янь Цзе мырзаның кездесуі аясында ауыл шаруашылығындағы стратегиялық ынтымақтастық, инновациялық жылыжай өндірісін дамыту және өңірлік инвестициялық серіктестік мәселелері талқыланды. Инновациялық…

Read More

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АҒЫН СУҒА ДЕГЕН ҚАЖЕТТІЛІК ЖЫЛ САЙЫН АРТЫП КЕЛЕДІ

Биыл облыста ауыл шаруашылығы дақылдары 890 мың гектарға егілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17 мың гектарға артық. Оның ішінде, суармалы алқап 552 мың гектарды құрайды. Егістікке қажетті ағын су көлемі шаруалардың сұранысына сәйкес босатылып, вегетациялық маусым қалыпты деңгейде жүргізілуде. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков мәлімдеді. «Осы орайда шаруа қожалықтарға ағын суды…

Read More

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

Ана мен бала денсаулығын сақтау – Түркістан облысы үшін басты әлеуметтік басымдықтардың бірі. Бұл бағытта өңірде кешенді шаралар жүзеге асырылып, нақты нәтижелерге қол жеткізілуде. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен жиында айтылды. Облыс халқы бүгінде 2,2 млн адамнан асады. Репродуктивті жастағы әйелдер саны – 433 мыңнан астам, ал 18 жасқа дейінгі балалар –…

Read More

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Түркістанда 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, мемлекеттік қызметшілерді төл мерекесімен құттықтады. – Халыққа адал қызметкер болу – абыройлы міндет. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Мемлекеттік қызметшінің сапасы – бүкіл еліміздің сапасы деп айтуға болады. Мемлекеттік қызметші болу – антқа адал болу» деген сөз» деп атап…

Read More

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында Түркістан облысында жаңа жұмыс орындарын құру, халықты жұмыспен қамту бағытында ауқымды шаралар атқарылуда. Биыл облыста «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 130 769 жаңа жұмыс орнын құру көзделген. Оның ішінде, 83554 орын, яғни 63 пайызы тұрақты жұмыстардың үлесінде. Өңірде 6 айда 66069 азаматты жұмыспен қамту көзделіп, осы күнге дейін 56…

Read More

ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МОДУЛЬДІ ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

Төлеби ауданында балаларды жазғы сауықтыруға арналған модульді лагерь ашылды. Жаңадан салынып, пайдалануға берілген қосымша 14 нысанда 7 ауысым бойынша 2 мыңнан астам бала жаз бойы демалмақ. «Төлеби нұры» отбасы үлгісіндегі балалар үйінің лагері алғашқы ауысымда Қазығұрт ауданының 300-ден астам оқушысын қабылдап үлгерді. Барлығы көпбалалы және аз қамтылған отбасында тәрбиеленіп жатқан балалар. Бүгін салтанатты лента қию…

Read More

ТҮРКІСТАНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ГАЗДАНДЫРУ БОЙЫНША БИЫЛ 64 ЖОБА ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Биыл Түркістан облысында елді мекендерді газдандыру бойынша 64 жобаға тиісті қаржы қаралды. Осы жылы 34 елді мекендегі 38 жобаның құрылысы аяқталады. Ал 16 елді мекендегі 26 жоба келесі жылға өтпелі. Жалпы облыс елді мекендерін 2027 жылға дейін газдандырудың іс-шара жоспары бекітілген. Жоспарға сәйкес, 2027 жылы газдандырылған елді мекендер санын 765-ке жеткізу көзделуде. Қажетті қаржы бөлінген…

Read More

ӘР ТИЫН – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ: ӘКІМ ҚАТАҢ ТАПСЫРМА БЕРДІ

Түркістан облысында мемлекеттік сатып алу саласындағы кемшіліктер мен өзекті мәселелер облыс әкімдігінің мәжілісінде кеңінен қаралды. Жиынға облыс әкімі Нұралхан Көшеров төрағалық етті. Мәжілісте өңірде атқарылып жатқан жұмыстар мен мемлекеттік сатып алудың заңнамалық талаптарға сай жүргізілуі мәселесі көтерілді. Аймақ басшысы мемлекеттік сатып алу саласында заң бұзушылықтарға жол берген аудан, қала әкімдері мен облыстық басқарма басшыларының салаға…

Read More