САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӨЗІНДІК КІРІСТЕРІН ҰЛҒАЙТУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің аудан, қалаларға жұмыс сапары жалғасуда. Бұл жолы Сайрам ауданындағы бірнеше нысандарды ашып, ел қуанышымен бөлісті. Одан кейін аудан активімен кездесіп, Сайрамды дамыту жолдарын талқылады. Өңір басшысы ауданның әлеуеті толық қолданылмай отырғанын сынға алып, кемшілікке жол берген басшылар мен ауыл округі әкімдеріне жұмысты ширатуды тапсырды. Жауапты тұлғаларға ескерту жасап, олқылық жойылмаса,…