Өзбекстан Түркістанға сый ретінде 5000 орындық мешіт салуда

Түркістанда Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің қолдауымен 5000 орындық мешіт салынуда. Көршілес елдің Түркістанға тартуы ретінде салынып жатқан мешіттің құрылысы келесі жылы аяқталмақ. Сәулеті ерекше мешіттің ішкі және сыртқы безендірілуі шығыстық нақышта. Рухани астанада салынып жатқан жаңа мешітте 5 мың азамат бір мезгілде құлшылық ете алады. Мешіт құрылысы заман талабына сай озық үлгіде жүргізіліп жатыр….

Read More

Түркия: Тілсіз жау әлі де дес берер емес

28 шілдеден бастап Түркияның оңтүстігінде және батысында ормандар өртенуде, деп хабарлайды tourweek.ru сайты. Түрік БАҚ-ның хабарлауынша, соңғы 5 күнде Түркияда 125 ірі өрт тіркелген. Ең көп өрт ошағы Анталия және Мугла провинцияларының ормандарында орын алған. Бұл аймақтан алты ауданның тұрғыны эвакуацияланып, 10 адам қайтыс болды. Төтенше жағдаймен күресте бүкіл Түркияның жан-жағынан өрт сөндіру техникалары тартылған….

Read More

Түркістан облысында 177 бизнес нысан Аshyq жобасынан шығарылған

Бүгінде Түркістан облысында «Ashyq» жобасына қосылуға барлығы 3374 өтінім түскен, оның 3 116-сы қосымша арқылы жұмыс жасауда. Ал жобаның талаптарын толық сақтамаған, келушілерді аз тіркеген 177 нысан жобадан  шығарыған. Айта кету керек, Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес нысан келесі талаптарды орындамағаны үшін жобадан шығарылады: -егер мониторинг тобы жобаға қатысуға қойылған талаптардың бұзылғанын анықтап, растаса; –…

Read More

Түркістанда ерекше стела орнатылады

  Түркістан қаласына кіреберісте «Түркістан» жазуы бар ерекше стела салынып жатыр. Биіктігі 11 метрге жететін, жалпы алаңы 28 метрге созылған стелаға 70 жарықшам орнатылады. Жаңа нысанның құрылысы жақын күндері аяқталады. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығындағы құрылыс алаңдарын аралап, жүргізіліп жатқан жұмыс барысын бақылады. Облыс басшысы Түркістан қаласының әмбебап «ЭКО базар» мен автовокзал құрылысының…

Read More

Ресейде табиғи апат салдарынан 3 адам көз жұмды

Ресейдің Тверь облысы аумағында орын алған дауыл нәтижесінде үш адам қаза тауып, сегіз адам зардап шекті. Андреаполь қаласында жылдамдығы 25 м/сек дейін соққан желдің нәтижесінде ағаштар құлаған. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, 8 адам жарақаттанған, 3 адам қайтыс болған. Тверь облысының губернаторы Игорь Руденнің басқаруымен табиғи апаттың салдарын жою жұмыстары басталды. Жауапты қызметкерлер оқиға орнына жетіп тиісті…

Read More

Сүйінші: Сәкен Бибосынов Токио олимпиадасының жартылай финалына шықты

Бокстан Қазақстан құрамасының спортшысы, Түркістан облысының өрені Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты. Ширек финалда Сәкен испаниялық Габриэль Эскобармен кездесті. Алғашқы раундтан жекпе-жек тізгінін өз қолында ұстаған Сәкен бүкіл техникалық шеберлігін паш етті. Ұзын қолдарымен қарсыласын күтіп алып, “сыбағасын” беріп жүрді. Өте тартысты өткен жекпе-жекте отандасымыз 3:2 есебімен жеңіске жетті. Бірінші раундта Сәкеннің жойқын…

Read More

Аттың құлағында ойнайтын ару елді тәнті етті

Солтүстік Қазақстан облысының 24 жастағы тұрғыны Асыл Ахметова – әлеуметтік желі белсендісі. Ол өз блогында ауыл өмірінің әдемі көріністерін көрсетеді. Халық әндерін орындап, жылқының құлағында ойнайтын Асылдың бейнежазбалары мыңдаған қаралым жинауда. Блог жүргізуде әкесінің қолдауы зор, видео түсіріп, ауыл контентін жасауға көп көмегі тиюде. Асыл елордада білім алып, ауыл мектебінде мұғалім болып жұмыс істейді. Дегенмен,…

Read More

Түркістан: Мектептердің құрылысы қатаң бақылауға алынды

  Жаңа оқу жылының басталуына бір айдан аз уақыт қалды. Осы жауапты сәтке дайындық қай деңгейде? Жол картасы бойынша салынып жатқан білім ұяларының құрылыс барысы қалай? Осы және өзге де мәселелер «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында талқыланды. Күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр…

Read More

ҚР еңбек сіңірген әртісі Люция Төлешова өмірден өтті

81 жасқа қараған шағында ҚР еңбек сіңірген әртісі, “Құрмет” орденінің кавалері, профессор, әйгілі педагог, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының Эстрадалық вокал кафедрасының негізін қалаушы Люция Қажығалиқызы Төлешова өмірден өтті. Қайғылы жағдай туралы академияның бұрынғы ректоры, режиссер Асхат Маемиров өзінің инстаграм парақшасына жазды. Люция Тулешова 1941 жылы 22 мамырда Астрахан облысында дүниеге келген. 1962…

Read More

Білім министрі: мектеп формасы міндеттелмейді

«Пандемияға дейін мектеп формасын кию міндетті болды. Бірақ өткен жылы барлық жағдайларды ескере отырып, біз оқушыларға мектепке тек мектеп формасында ғана емес, сонымен қатар классикалық стильдегі киімде де келуге мүмкіндік беретін шешім қабылдадық», деді министр өз сөзінде. Министр пандемияға байланысты көптеген отбасылардағы қаржылық қиындықты ескере отырып, мектеп формасын алмаған оқушыларға классикалық киім үлгісін киюге рұқсат…

Read More