Қор-қорды тамсана соратын ұрпақ өсіп келеді

Бұл кадрлерде мектеп жасындағы жеткіншектердің дүкеннен емін-еркін вейп сатып алып, қысылмай шегіп тұрғаны көрінеді. Осылайша соңғы жарты жылда жастар арасында түтіні будақтаған қор-қор іспеттес осы затты тарту трендке айналған. Алайда депутаттар оған уақытында шектеу қойып бақылауды күшейтпесе, нашақор ұрпақ өсіреміз деп дабыл қағуда. Себебі вейптің құрамындағы никотин темекіден екі жарым есе көп екен.  Мәди Ахметов,…

Read More

4 мыңдай тұрғынның мәселесін қарады

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде онлайн және офлайн форматта кезекті қоғамдық қабылдау өтті. Түркістан облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев пен «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихаттағы фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев 10-нан астам өтінішті тыңдады. Алдын ала қабылдауға жазылған Түркістан қаласының тұрғыны, 2 топ мүгедегі З. Кулбаева…

Read More

12 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылған

Шардара ауданында негізгі капиталға 12 млрд 712,7 млн теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 2,1 пайызға артқан. Бұл туралы брифингте 9 айда атқарған жұмыстарын қорытындылаған аудан әкімі Қайрат Жолдыбай мәлімдеді. Сонымен қатар, өндіріс орындарындағы өнім көлемі 8 млрд. 701,2 млн. теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 341,3 млн. теңгеге артқандығын көрсетеді….

Read More

9 мың тоннадан астам ет экспортталған

Сайрам ауданында жылдан-жылға мал бордақылау алаңдары артып келеді. Мәселен, қазірдің өзінде аудандағы 1 012 мал бордақылау алаңы бір мезетте 42 мың бас малды қамтуға қауқарлы. Облыс бойынша ағымдағы жылдың 9 айында 22 мың тонна ет экспортталған болса, оның 9 250 тоннасы (42%) Сайрам ауданына тиесілі. Яғни, аймақ мал бордақылаудан облыс бойынша көш бастап тұр. Бұл…

Read More

570 орынды аурухана бітуге таяу

Түркістан қаласында биыл 200 орынға шақталған модульдік көпбейінді ауруханасы пайдалануға берілді. Сондай-ақ, облыс орталығында 570 орынды көпсалалы ауруханасы келер жылы ел игілігіне беріледі деп күтілуде. Бұл туралы брифингте Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов мәлімдеді. Айтуынша, жалпы өңірде басқармаға қарасты 43 медициналық ұйым бар. Марат Пашимов, Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы: «Мемлекет тарапынан…

Read More

Миллиардтарды жымқырған алаяқтар ұсталды

«Индиго 24» Evolution Corpоration» қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. 950 томнан тұратын істе пирамиданы құруға және оны басқаруға қатысы бар деген 26 адамға айып тағылған. Олар – Алматы мен Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Түркістан облысының тұрғындары. Қазіргі таңда күдіктілердің бірі әлі іздестіріліп жатыр. Тергеу шараларына бес облыстың 30 тергеушісі мен 7 арнайы…

Read More

«Сергектен» түскен миллиондар қайда кетіп жатыр?

Көпті алаңдатқан осы сауалға Елнұр Өтебаев жауап берді. Басқарма басшысының айтуынша, алдағы уақытта облыста жалпы  80 сергек, тағы 1000 дана бейнебақылау құрылғысы орнатылады екен. Ол үшін жеке инвестор 5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсаған. Жалпы,  жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асырылады. Инвестордың қаражатын әкімдік 5 жыл 9 айда қайтарып беруді жоспарлап отыр екен.  Осы мақсатта…

Read More

Алаш арыстарына ескерткіш қойылды

Сарапхана ауыл іргесінен өтетін күре жолдың бойындағы ең көрнекті жерде үш арыс кеңес құрып отыр. Бұл көріністің көрген адамға ой салып, жүрегіне сәуле төгері сөзсіз. Қоладан құйылған еңселі ескерткіштің биіктігі тұғырын есепке алмағанның өзінде 5 метрден асады. Айналдыра салынған қабырға тастарында алаш қайраткерлерінің қанатты сөздері жазылған. Қазығұрт ауданында  «Мәңгілік ел» кешенінде Алаш арыстарына  ескерткіш қойылды….

Read More

Туризм: миллиардтар бөлініп, санаулы мыңдар ғана келген…

   Туризмді дамыту ғимарат салумен шектелмейді. Бұлай дейтініміз, тиісті салаға бөлінген қаражат 100 млрд теңгеден асып кетсе, келушілер саны 100 мыңға да жетпейді. Жыл басынан бері облысқа бар болғаны 94 мың адам келген. Оның ішінде шетелдік туристер үлесі тіптен аз.  Жылына 870 қана. Түйіткілді тарқатар амал қайсы? Толығырақ тілшіміз Қасым Хабибуллаұлының материалында.  2019 жылы Түркістан…

Read More

Шаруалар күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айрылды…

Бар ойы – қыстан малды қалай аман алып шығу. Әсіресе, сары уайымға берілген Сарыағаш пен Келес ауданы шаруалары бүгінде төрт түлігін шетінен сатуға көшкен. Себебі жем-шөп жоғы өз алдына, үкіметтен де қайран болмай тұр. «Арам қатып қалса обал ғой» дейді олар. Тақырыпты тілшіміз Жандос Тастемір тарқатады. «Бір мен емес, халықтың бәрінің көрген күні осы. Жем-шөп…

Read More