ТҮРКІСТАНДА ӨНЕР МЕН МӘДЕНИЕТТІҢ ДЕҢГЕЙІН КӨТЕРГЕН ФЕСТИВАЛЬ ЖӘНЕ БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Түркістан қаласының ерекше мәртебе атануына орай ұйымдастырылған «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі қорытындыланып, жеңімпаздар анықталды. Салтанатты марапаттау рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев арнайы қатысып, жеңімпаз және жүлдегер аудан, қала өнер ұжымдарын марапаттады. – Биыл Түркістанның облыс орталығы атанғанына жеті жыл. Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Түркістанға ерекше…