Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылды

Президенттің жарлығымен ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев осы қызметке 2019 жылы ақпан айында тағайындалды. Бұған дейін алты жыл бойы министрдің орынбасары болды. Тергеу комитетінің төрағасы, сондай-ақ Алматы қаласы және Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменттерін басқарды. Ішкі істер министрі қызметіне Марат Ахметжанов тағайындалды. Ол бұған дейін…

Read More

Теңгелік депозиттерге 10 % сыйақы беріледі

Төл ақшамыздың құнсыздануына байланысты теңгелік депозиттерге 10 пайыз сыйақы қосылады. Бұл туралы Ұлттық банк мәлімдеді. Бастамаға 2022 жылғы 23 ақпан күнгі жағдай бойынша бір немесе бірнеше екінші деңгейдегі банкте және «Отбасы банк» акционерлік қоғамында ашылған жеке тұлғалардың теңгедегі салымдары қатысады. 10% мөлшеріндегі сыйақы әрбір банкте 20 млн теңгеден аспайтын сомадағы салымдарға 1 рет есептеледі. Одан…

Read More

Қазақстан Украинада қалған азаматтарын бүгін шығара бастады

Бүгін Украинадағы қазақстандықтарды эвакуациялайтын алғашқы рейс Польшадан ұшады. Қазақстан Республикасының Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан Қалетаевтың мәлімдеуінше эвакуациялауға 486 қазақстандық өтініш білдірген. Олар үшін жасыл дәліз әзірленіп, арнайы үш рейс ұйымдастырылуда. Бастысы – адамдардың Львовқа уақытылы жете алуы. Львовқа аттанатын алғашқы жүз адамның ішінде Air Astana президенті Питер Фостер де бар. Өкілетті елшінің мәлімдеуінше,…

Read More

Ресей бір күнде 39 млрд доллар шығынға ұшырады

Еуроодақ басшылары Ресейге қарсы жаңа санкциялар туралы келісімге келді. Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен Украинаға басып кіру Еуропадағы бейбітшілік тәртібіне күмән келтіретінін мәлімдеді. Еуроодақ Кремльді өз әрекеттері үшін жауапқа тартылатынын жеткізіп, санкциялар ресейлік элитаға барынша әсер ететінін айтты. Батыс одақтастарымен бірлесіп әзірленген пакет ресейлік банк нарығының 70% және негізгі мемлекеттік компанияларды, соның ішінде қорғаныс…

Read More

Украина Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынасын үзді – Зеленский

Украина Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынасты үзді. Бұл туралы ел президенті Владимир Зеленский Киевте өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Ол Ресейдің шабуылын екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі фашистік Германия әрекетімен салыстырды. Сондай-ақ азаматтарға “жерді қорғау үшін” қару беруге дайын екенін де жеткізді. Сонымен қатар, ол Ресей тұрғындарын наразылыққа шығуға үндеді. Зеленскийдің сөзіне қарағанда, қазір Украина Қарулы күштері “нағыз ауыр…

Read More

Шұғыл отырыс өткізді

Украинадағы жағдайға байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы өтті. Бұл жиналыс Украинаның сыртқы істер министрінің өтініші бойынша кезектен тыс ұйымдастырылды. Бас хатшының орынбасары Розмари ДиКарло шиеленісті бейбіт шешуге және Ресей мен Украинаны өзара келісімге келуге шақырды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Украина төңірегіндегі жағдайды шұғыл талқылау үшін осы аптада екінші мәрте жиналды. Шұғыл отырыс Нью-Йорк…

Read More

Тарихи рекорд: Доллар 470 теңгеден жоғары бағамен сатылуда

Қор нарығында доллар 15 теңгеге қымбаттады. Доллар бағамы 23 ақпанмен салыстырғанда 15,23 теңгеге өскен. Бүгінде АҚШ долларының орташа құны 452,49 теңге болды. Ал Елордада айырбастау пунктерінде доллар бағасы шарықтады. Курс.кз сайтының дерегінше, доллар Нұр-Сұлтанда 470 теңге болса, Алматыда тіпті 472-ден саудаланып жатыр. Ұлттық банк теңге бағамын тұрақты ұстап тұру үшін бүгін валюталық интервенция жасады. Оның…

Read More

Қазақстандық бітімгерлер Украинаға жіберіле ме? Әшімбаевтің жауабы

Қазақстан Украина еліне бітімгерлерді жібере алмайды. Өйткені бұл мемлекет Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының мүшесі емес. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол Ресей де, Украина да бізге өте жақын елдер деді. Сондықтан келіссөз үстеліне отырып, мәселені дипломатия жолымен шешуге әлі де кеш емес дейді ол. Мәулен Әшімбаев – ҚР Парламенті сенатының төрағасы:…

Read More

Соғыс жағдайы енгізілді

Бүкіл әлем көз тіккен Украинада нағыз дүрбелең басталды. Ел азаматтары бүгін бомбаның дүмпуінен оянды. Таңнан бері жалғасып жатқан қырғи-қабақ соғыстың кесірінен екі жақтың да ондаған әскери қызметкерлері көз жұмды. Тіптен бейбіт тұрғындар да зардап шеккен. Арасында кәмелет жасына толмағандар да бар. Ресей мен Украина арасында қырғи қабақ соғыс басталып кетті. Украина билігінің мәліметінше Ресей әскері…

Read More

Ел азаматтары эвакуацияланады

Қазақстан өз азаматтарын Украинадан эвакуациялайды. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады. Министрліктің мәліметінше, 517 адам уақытша, 1113 адам тұрақты консулдық есепте тұр. Алайда СІМ бұл сандар әлі де өзгеруі мүмкін екенін атап өтті. Харьковтағы авиациялық институтта оқып жатқан қазақстандық студенттер жарылыстан қорғану аумақтарына орналастырылды. Олар әзірге елімізге эвакуациялау шараларын күтіп жатыр. Жарылыстар басталған кезде…

Read More