Бүлдіршіндерге қол жұмсаған тәрбиеші жұмыстан қуылды

Дәл осы Қарағанды облысында балаларды ұрды деп айыпталған жекеменшік балабақша тәрбиешісі жұмыстан босатылды. Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Айтуларынша, Абай қаласында болған оқиға мекеме басшылығының жеке бақылауында. Естеріңзге сала кетсек, қазнетте балабақша тәрбиешісі бірнеше баланың желкесінен ұрып жіберген видео жарияланып, қызу талқыға түскен болатын. Ал бұл бейнежазбаны көрген полиция қызметкерлері тергеу амалдарын…

Read More

К.Мәсімов ҚК 5 бірдей бабымен тергелуде

Кәрім Мәсімов қылмыстық кодекстің 5 бірдей бабы бойынша тергелуде. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу тобы мәлімдеді. Тарқатып айтар болсақ, 366-баптың 4-бөлігі – пара алу; 362-баптың 4-бөлігінің 3-тармағы –лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану; 175-баптың 1-бөлігі – мемлекетке опасыздық жасау сондай-ақ 179-баптың 3-бөлігі – ҚР Конституциясын бұзып, билiктi күшпен басып алуға тырысу. Айта кетсек, комитеттің экс басшысына…

Read More

Көпірлер мeн құбырлар күл-қокыстан тазартылуда

Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 723,1 шақырым. Сол жолдардың бойында 128 көпір мен 997 құбыр бар. Көктемгі су тасқындарына тосқауыл болу үшін «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Ұлттық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалы сол көпірлерге, су өткізгіш құбырларға және тазарту жұмыстарына мониторинг жүргізді. Орталық мамандары наурыз айында 12…

Read More

Шымкентте кооператив атын жамылған қаржы пирамидасы анықталды

Шымкентте тағы бір қаржы пирамидасының жұмысына тосқауыл қойылды. Олар «ГАП» өндірістік кооперативінің атын жамылып жұмыс істеген. Үй немесе көлік сатып алуып беремін деп жұртты сан соқтырып кеткен. Сот қаржы пирамидасын ұйымдастырушыға қатысты шара қолданды. Келісім жасаған күдіктіні тінту кезінде бірнеше мөр мен құжаттар табылған. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабы бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде….

Read More

Доллар бағамы нығайды

Теңге бағамы нығайды. Қазақстан қор биржасының мәліметінше, таңертеңгілік сауда-саттықтың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 495 теңге болды. Айта кетері, Ұлттық банк бекіткен 19-24 наурыздағы теңге бағамы – 505 теңге. Kurs.kz сайтының мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында доллар орташа 495 теңгеден сатып алынып, 505,5 теңгеден сатылып жатыр. Нұр-Сұлтанда да сатып алу бағасы осындай, сату…

Read More

Қазақстанның мұнай экспортына қауіп төнді

Каспий құбыр желісіндегі апаттан кейін теңізге мұнай төгілгені байқалмады. Бұл туралы Каспий құбыр желісі консорциумының баспасөз қызметі хабарлады. Айта кетейік, Қара теңізде болған дауылдан Каспий құбыр желісі консорциумына тиесілі құбырға зақым келіп, олардың жұмысы уақытша тоқтатылды. Еске сала кетейік, бұл құбыр желісі арқылы Қазақстан мұнайдың 80%-ға жуығын экспорттайды. Алайда ондағы жөндеу жұмыстары жақын арада бітпеуі…

Read More

Митингке қатысқан көпбалалы ана өзіне тағылған айыппен келіспейді

Шымкентте қаңтар қақтығысына қатысты деп қамалған көпбалалы ана түрмеден шықты. 6 баланың анасы Кәрима Хайдарова темір торда екі жарым ай жатқан. Содан үйіне енді ғана оралған ол тергеуде көрген қорлықтарын жайып салды. Кәрима Хайдарова – Көпбалалы ана: “Шырылдап, алаңдарға айтып, бізді билік естісін дегенде неужели осының бәрі өзгеріссіз қалып кетеді? Қаншама военный жігіттер өліп кетті….

Read More

Республика бойынша іздеуде жүрген 353 қылмыскер ұсталды

Іздеуде жүрген 353 қылмыскер ұсталды. Құрықталғандардың дені ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар. Полицейлердің мәліметінше, күдіктілердің көбісі жұбайын өлтірмек болғандар мен адамды өлтіруге оқталғандар. Және олардың ішінде қарақшылық жасап, ірі көлемде ақша бопсалап жүргендері де бар. Ішкі істер министрлігінің айтуынша, іздеуде жүргендер халықаралық іздестіруде болған. Бұл 10 күннің ішіндегі жедел жұмыстың нәтижесі. Қылмыскердің 11 кісі…

Read More

Жол апатынан көз жұмғандар саны 30 процентке өсті

Түркістан облысында ірі жол-көлік апаты болды. Сарыағаш ауданынан өтетін республикалық маңызы бар «Жетісай-Жібек жолы» тас жолының 201 шақырымында «NISSAN» автокөлігі қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан Литвалық «MAN» маркалы автокөлік тасымалдаушы жүк көлігіне соқтығысқан. Қақтығыстан тағы бір темір тұлпар зардап шеккен. Апат кесірінен «NISSAN» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталу үстінде. Төлен…

Read More

Қоршаудан секіріп, кезекке таласқан: Шымкент Автоцонындағы жағдай

Шымкентте халыққа қызмет көрсету орталығында шу шықты. Әлеуметтік желіде көлік құжатын алу үшін емтихан тапсыруға келген жұрттың ғимаратқа жапа тармағай жүгіріп, жанталасқан видеосы шықты. Кезек күтпей, сыртқы есіктен асып түскен жігіттердің бұл қылығын жауаптылар өздерінше түсіндіреді. Сөздеріне сенсек, емтихан үшін талас бүгін болмаған. Қазір жағдай түзелді деген Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары емтиханға тапсыруға тек…

Read More