Қызылжар ауылында газ бен жол мәселесі шешімін таппай келеді

Сарыағаш ауданы Қызылжар ауылының тұрғындарын жолдың жайы, газдың мәселесі әбден қажытқан. Төңіректегілер түгел көгілдір отынның рақатын көріп отырғанда, олар әлі от жағып, күл шығарып жүр. Газдың құбырына, құжатына деп әкім әлдеқашан ақша жинап алған. Ал енді түрлі сылтау айтып, жұртты жанына жолатпайтын көрінеді. Тіпті шағымданып келгендерге шамданып: «қайда барсаңдар онда барыңдар? Билеттеріңді алып берем» депті….

Read More

«Су басу қаупі жоғары»

157 елді мекенді су басу қаупі бар. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі мәлімдеді. Басты себеп еліміздің бірқатар өңірлерінде күн күрт жылынбақ. Қар еріп, сең жүріп арты табиғи апатқа ұласуы мүмкін. Зардап шеккен отбасылар қайтпек? Оларға мемлекет өстемақы төлейтін болды ма? Кешегі түнді Атырау облысындағы Сағыз ауылының тұрғындары жанын шүберекке түйіп өткерді. Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің…

Read More

Саурандық тұрғындар ағын суды бөгеп тастаған әкімдіктегілерді сынға алды

Түркістан облысындағы 3 мыңға жуық тұрғыны бар Нұртас пен Жалаңтөс ауылының шаруалары тығырыққа тіреліп отыр. Себебі елді мекенге баратын каналдың үстінен жүргізілген жол ағын судың өтуіне бөгет келтіруде. Онсызда құрғақшылықтан титықтап жүрген жұрт, тіршілік нәрінен мүлдем қағылып аралға айналмасақ игі еді деп налиды. Сырдарияның суынан бастау алатын бұл канал ауылға кірер тұста екіге бөлінеді. Екеуінің…

Read More

Құжатты өзіңмен бірге алып жүрудің қажеті жоқ

Бұдан былай құжатты өзіңізбен бірге алып жүрудің қажеті жоқ. Яғни құжаттардың цифрлық нұсқасы мобильді қосымшаларға шығарылды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желіде жазды. Оның сөзінше жаңашылдық Kaspi.kz және Homebank қосымшаларына енгізілген. Цифрлық құжатта жеке куәлік, вакцинация паспорты мен жүргізуші куәлігі бар. Тіпті, одан өзге неке куәлігін де онлайн…

Read More

Зейнетақы төлемдерінің жеткілікті шегі өсті

Бүгіннен бастап зейнетақы жинақтарының шекті деңгейі 2 есеге өсті. Бұған дейін бұл мерзім президенттің пәрменімен ұзартылған еді. Бұл өзгерістер айлық есептік көрсеткіш, ең төменгі зейнетақы және жалақының өсуімен тікелей байланысты. Мәселен, енді 20 жастағы азаматтардың жинақ сомасы 3 миллион теңгеден асуы керек. Бұған дейін бұл көрсеткіш 1 миллион 700 мың болатын. 30 жасқа толғандарға шекті…

Read More

Доллар 2 күнде 30 теңгеге құлдырады

Доллар тағы құлдырады. Қазақстан қор биржасында АҚШ көкқағазының бүгінгі бағамы 458 теңгені құрады. Бұл кешегі сауда-саттықпен салыстырғанда 11 теңгеге арзан. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 455 болса, сатып алу – 460 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 451, сатып алу құны – 457 теңге. Бұл доллар төңірегіндегі дүрбелеңнің басылуымен байланысты…

Read More

Пәтерінде жүйкеге әсер ететін 1 мыңға жуық дәрі сақтаған әйел ұсталды

Атырауда 48 жастағы әйел пәтерінде мыңнан астам дана психотроптық дәрілерді сақтаған. Сондай-ақ азаматтардың жеке басын куәләндыратын 35 куәлігі мен құжаты, 1 млн 375 мың теңге тәркіленді. Күдікті есірткі заттарын қарызға алған адамдардың құжаттарын кепіл ретінде алған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше азаматша психотропты заттарды заңсыз сатумен айналысқан. Ал көрші үйді қойма ретінде пайдаланған. Қазір сотқа дейінгі…

Read More

Интернет алаяқтары азаяр емес

Қазақстанда интернет алаяқтық фактілері қаптап кетті. Былтыр бір жылдың ішінде 21 мыңнан астам осындай қылмыс дерегі тіркелді. Ал Түркістан облысында жыл басынан бері 140 факті анықталыпты. Арнайы тексеру жұмыстарының нәтижесінде аталмыш қылмыс адам көп шоғырланған жерде болатыны анықталған. Интернет-алаяқтық қылмыстарға қатысы бар 9 адамға қатысты сот үкімі шыққан. Мамандардың айтуынша, көбіне алаяқтар азаматтардың атына микрокредиттік…

Read More

Ауа райы бұзылды: бір тәулікте 372 адам, оның ішінде 312 бала құтқарылды

Дүлей дауыл Қазақстанда дүрбелең туғызды. Табиғаттың тосын мінезінен 6 адам зардап шегіп отыр. Оның үшеуі бала. Төтеншеліктер жолда қалған мыңға жуық адамды эвакуациялады. Ауа райының әп-сәтте бұлай құбылуына не себеп? Бораннан келген залал қандай? Бұл кадрден дүлей дауылдың Алматы әуежайында тұрған ұшақтың өзін 90 градусқа теңселткенін байқауға болады. Боранның күштілігін осыдан ақ бағамдай беріңіз. Қолайсыз…

Read More

«Delta Bank» топ-менеджерлеріне қатысты тергеу аяқталды

«Delta Bank» топ-менеджерлеріне қатысты тергеу аяқталды. Анықталғаны «Forbes» журналына енген олигарх Нұрлан Тілеубаев банктен миллиардтап ақша жымқырған. Қаржы мониторингі Агенттігінің хабарлауынша, 2012-2017 жылдар аралығында Тілеубаев қайтарымсыз кредиттер беру арқылы банктен ақша шығарып отырыпты. Тергеу кезінде оның туыстарына тиесілі 48 миллиард теңгенің мүлкін пайдалануға тиым салынды. Қазір қылмыстық іс сотқа жолданып, айыпталушылар қамауда отыр. Салтанат Көшербаева…

Read More