Отставкаға кетуден бас тартты

Ұлыбритания премьер-министрі отставкаға кетуден бас тартты. Бұған дейін пандемия кезінде Борис Джонсонның локдаун ережелерін бұзған видеолары тарап кеткен болатын. Ол ағаттығы үшін кешірім сұрап, айыппұл арқалаған еді. Оппозициялық саясаткерлер Үкімет басшысын ойын-сауық кештерден бас тартуға бірнеше рет шақырған. Алайда полиция Джонсонның ескерту алғаннан кейін тағы 6 кешке қатысқанын анықтап отыр. Егер парламент мүшелері премьер-министрді кінәлі…

Read More

Түлектер апатқа ұшырады

Маңғыстауда мектеп түлектері соңғы қоңыраудан кейін апатқа ұшырады. 7 адам түрлі дене жарақатын алған. Жағдайы ауыр екі оқушы аудандық ауруханадан санавиациямен Ақтау қаласына жеткізілді. Дәрігерлердің мәліметінше, қыздың жамбас сүйегі сынған, қазір травматология бөлімінде жатыр. Ал жансақтау бөліміндегі ер баланың басына қан құйылған. Полицейлер жол апатына түскен жас түлектер Маңғыстау ауданындағы Сайөтес ауылының балалары екенін айтады….

Read More

Егіске жіберілген судың 40 пайызы далаға кетіп жатыр.

Егіске жіберілген судың 40 пайызы далаға кетіп жатыр. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді. Қазақстандағы 8 су шаруашылығы бассейнінің жетеуі бастауын трансшекаралық өзендерден алады. Яғни өзен суларының тең жартысына жуығы сырттан келеді. Сарапшылар 2040 жылға қарай Қазақстанда суды тұтыну көлемі 56 пайызға дейін өседі деп болжап отыр. Су тапшылығы жылына 12 текше шақырымға дейін жетуі…

Read More

Ауыл әкімі ағын су құбырларын меншіктеп алған

Ауыл әкімі ағын су құбырларын жекеге сатып жіберген. Қарнақ ауылының шаруалары осылай деп арнамызға шағымданды. Осыдан 35 жыл бұрын тұрғындар асарлатып салынған су жолдары қазір жарамсыз күйде. Көптің мүлкін рұқсатсыз иемденіп, ауылдастарының ашуына тиген әкім – «менің ісім емес» – деп басын ала қашуда. Зәкір Низапов – жеке шаруа қожалық иесі. Кәсіпкер бір айдан бері…

Read More

Көкөніс қымбаттады

Қазақстанда көкөніс қымбаттады. Сарапшылардың есебінше әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бір аптада 0,2% ке өскен. Жалпы бір жылда 20 пайызға қымбаттаған байқалады. Бағаның көтерілуі жаңа піскен көкөністердің нарықта пайда болуынан дейді мамандар. Есесіне елімізде көкөніс экспорты артқан. Мәселен, қаңтар-ақпан айларында балгар бұрышының экспорты бірден 19 есе, қияр – 65 пайызға, пияз – 20,4 пайызға…

Read More

Лауазымды тұлғалар парамен ұсталды

Биыл бір вице-министр, 2 судья, 3 генерал жемқорлық фактісімен ұсталған. Бұл туралы бүгін президент қабылдауында болған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыла агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов мәлім етті. 5 айдық өзінде 1000-нан астам қылмыстық іс тіркелген. 600-ден астам лауазымды тұлғаның жемқорлығы әшкереленген. Олардың 110-ы – әртүрлі деңгейдегі басшылар. Нәтижесінде жыл басынан бері ел бюджетіне 220 миллиард теңгеден…

Read More

Жазасын өтеп шыққандарға көмек көрсетіледі

Адам қылмыскер болып тумайды. Қылмыс жасайтындардың көбі- жұмыссыздар! Сондықтан абақтыдан босатылғандарға міндетті түрде жұмысқа орналастыру қажет деді Түркістан обл бас прокуроры. Айта кетейік , облыс орталығында 200 ге жуық адам пробациялық тізімінде тұр. сол жазасын өтеп шыққандардың 7 -уі қайта қылмыс жасаған. Абақтыда жазасын өтеп шыққандарды қоғамға қайта бейімдеу үшін пробация қатарында тұрғандардың екі қолына…

Read More

ЖОБА: «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзу туралы Қазақстан Республикасы Конституцияның 91-бабы­ның 1-тармағына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзiлсiн. «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы «2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған…

Read More

Соңғы қоңырау соғылды

Бүгін Түркістан облысында 30 мыңнан аса оқушы мектеп бітірді. Оның 1445-і «Алтын белгіге» үміткер. Үздік аттестат алуға 2217 оқушы өтінім білдірген. Елімізде екі жыл қатарынан карантиндік шектеулерге байланысты соңғы қоңырау салтанаты болмап еді. Бүгін барлық мектептерде кең көлемде ұйымдастырылды. Әйгерім Нұрлыбек Жұмабек Тәшенов атындағы №23 ІТ мектеп-лицейінен «Алтын белгіге» үміткер. ҰБТ сынамаларында ең жоғары балл…

Read More

Қарбыз экспортқа дайын

Түркістан облысы Жетісай ауданында қарбыз пісті. Жемісті ауылының шаруалары 1 гектар алқаптан 25 тонна өнімді Ресейге экспорттауға дайын. Дихан әсіресе тамшылатып суғару технологиясының тиімді болғанын айтады. Бір жағынан қолдың күші қажет емес. Екіншіден тыңайтқыш аз кетеді. Айта кетейік, биыл Жетісай ауданы бойынша 17 мың гектарға бақша дақылдары егілген. «Бір алқаптан 2-3 өнім алу» жобасы бойынша…

Read More