ОҚУШЫЛАР БАНАН БАҒЫН АРАЛАП, ЕРЕКШЕ ОРЫНДАРҒА САЯХАТ ЖАСАДЫ
Сайрам ауданының білім беру ұйымдары жанындағы жазғы лагерьлер балалардыңбос уақытын тиімді әрі мазмұнды өткізуде. Екінші ауысымның қатысушыларына қызықты бағдарлама ұйымдастырған. №47 жалпы білім беретін мектеп жанындағы жазғы лагерь оқушылары жылыжайдағы банан бағына экскурсия жасады. Аудан аумағында орналасқан жылыжайда тропикалық жеміс өсіріледі. Саяхат барысында жас өрендер банан шаруашылығында еңбек ететін бағбаншымен жүздесіп, баптау жолдары және құрамындағы…