Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ – КОРЕЯ ІІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ФОРУМЫ ТҮРКІСТАНДА ӨТУДЕ

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ – КОРЕЯ ІІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ФОРУМЫ ТҮРКІСТАНДА ӨТУДЕ
saqnews.kzsaqnews.kz
17 сентября, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
5
VIEWS
✔️Түркістан қаласында «Түркістан – Ұлы Жібек жолындағы халықаралық ынтамақтастық орталығы» тақырыбында жергілікті өзін-өзі басқару органдарының екінші ынтымақтастық форумы өтуде. Алғашқы «Орталық Азия – Корея» форумы былтыр Корея Республикасында өткен болатын. Бүгінгі кездесу осы маңызды миссияның жалғасы ретінде тәжірибе алмасуға және нақты шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін алаңға айналды.
✔️Орталық Азия – Корея халықаралық форумына Корея және Орта Азия елдерінің, сондай-ақ еліміздің өзге өңірлерінің делегациясы қатысты. Делегация құрамында Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжо Тэ Ик, «GAROK» қауымдастығының бас хатшысы Ю Мин Бон, Қырғызстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін-өзі басқару істері жөніндегі мемлекеттік агенттіктің жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту басқармасының басшысы Джээнбаев Бактыярбек, «Woosong University Kazakhstan» университетінің директоры Чон Ёнг Хва бар.
✔️Алдымен, халықаралық форумда Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктерінің таныстырылымы көрсетілді.
✔️Форумда Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров алғысөз алып, Түркістан облысы стратегиялық әріптестікті нығайтуға, өңіраралық байланысты кеңейтуге және бірлескен бастамаларды іске асыруға дайын екенін жеткізді.
📌– Қазақстан – Корея арасында стратегиялық серіктестік нығайып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда экономиканы әртараптандыру, институционалдық әлеуетті нығайту және шетелдік инвесторлар үшін барынша қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған ауқымды реформалар жүзеге асырылуда. Осы өзгерістер аясында Түркістан облысы Корея елімен халықаралық әріптестікті дамытуға және Орталық Азиядағы сенімді сауда-экономикалық серіктес ретіндегі ұстанымын күшейтуге ерекше назар аударып отыр. Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастықтың маңызды нәтижелерінің бірі – Түркістан облысында қуаттылығы 926 МВт болатын бу-газ электр станциясы құрылысының басталуы болды. Аталған жоба «Samruk-Kazyna» қоры мен Оңтүстік Кореяның «Doosan Enerbility» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Бұл Қазақстанның энергетика саласындағы ірі инвестициялардың бірі. Өзінің стратегиялық географиялық орналасуының арқасында Түркістан облысы Орталық Азиядағы маңызды көлік-логистикалық хаб рөлін атқарады. Біз осы әлеуетті инвестиция тарту, экспорттық мүмкіндіктерді арттыру және шетелдік серіктестермен, соның ішінде Кореямен экономикалық байланысты нығайту үшін тиімді пайдалануға дайынбыз. Мемлекет басшыларының өзара сенімі мен қолдауының арқасында Орталық Азияда тату көршілік, достық пен өзара қолдауға негізделген ерекше ынтымақтастық үлгісі қалыптасты. Түркістан облысы Корея мемлекетімен стратегиялық әріптестікті нығайтуға, өңіраралық байланысты кеңейтуге және бірлескен бастамаларды іске асыруға дайын, – деген Нұралхан Оралбайұлы жаңа жобаларды жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтып, ұзақмерзімді ынтымақтастыққа сенім білдірді.
✔️Сонымен қатар басқосуда Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжо Тэ Ик, «GAROK» қауымдастығының бас хатшысы Ю Мин Бон, Қырғызстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін-өзі басқару істері жөніндегі мемлекеттік агенттіктің жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту басқармасының басшысы Джээнбаев Бактыярбек, «Woosong University Kazakhstan» университетінің директоры Чон Ёнг Хва сөз алып, серіктестік орнатуға дайын екендерін жеткізді.
✔️Көп ғасырлар бойы Ұлы Жібек жолының жүрегі болған Түркістан – мәдениеттер мен идеялар, сауда жолдарының тоғысқан мекені. Түркістан облысы халықаралық байланыстарды белсенді түрде дамытып келеді. Қытай Халық Республикасының бірқатар аймақтарымен, Орталық Азия елдерімен және Түркиямен бауырлас өңірлік қарым-қатынастар орнатылған. Ынтымақтастықтың жарқын үлгісі – Қазақстан мен Өзбекстан арасында бірлесіп құрылып жатқан «Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығы.
✔️Түркістан облысы – Қазақстандағы жетекші аграрлық өңірлердің бірі. Облыс мақта, көкөніс және жеміс-жидек өсіру бойынша республикада 1 орында. Жыл сайын жылыжайлар мен егістік алқаптарының көлемі артуда. Салаға Кореяның жасанды интеллект, робототехника және биотехнологияға негізделген озық агротехнологияларын, соның ішінде заманауи «ақылды» жылыжайлар салу тәжірибесін енгізу жоспарлануда. Сонымен қатар облыстың бірегей тарихи ескерткіштері, бай мәдениеті, қонақжайлылығы пен әсем табиғаты туризмді дамытуға зор мүмкіндік береді.
✔️Түркістан қаласында IT саласының мамандарын дайындайтын Woosong университетінің филиалын ашу – өңірдің цифрлық трансформациясына бағытталған маңызды қадам. Бұл жоба Қазақстан мен Корея арасындағы ғылыми-білім беру ынтымақтастығын нығайта түспек.
✔️Айта кетейік, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Корея Республикасы Қазақстан экономикасына инвестиция құю көлемі жағынан шетелдік ірі инвесторлар арасында үшінші орында. Өткен жылы екі ел арасындағы екіжақты тауар айналымы 3,1 млрд АҚШ долларына жетті. Бүгінгі таңда Қазақстанда Hyundai, KIA, Samsung, LG, Doosan және басқа да 876 оңтүстік кореялық компания табысты жұмыс істеп келеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Алдыңғы жаңалық

ТҮЛКІБАСТА ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Келесі жаңалық

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллмен кездесу өткізді

Ұқсас жаңалықтар

Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллмен кездесу өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллмен кездесу өткізді

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

saqnews.kz
5 октября, 2025
0

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz