Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

КИБЕР АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ

КИБЕР АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ
saqnews.kzsaqnews.kz
3 ноября, 2025
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
0
SHARES
4
VIEWS

«Кибер алаяқтықтың алдын алу, қорғау және жауапкершілік» тақырыбындағы медиа-жоспарға сәйкес, Шардара аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция және жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары тұрғындар арасында интернет алаяқтықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараның мақсаты – азаматтардың киберқауіпсіздік жөніндегі білімін арттыру және интернеттегі алаяқтық әрекеттерден сақтандыру.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері интернет алаяқтықтың кең тараған түрлері мен әдістерін түсіндірді. Атап айтқанда, фишингтік сайттар, жалған сілтемелер, әлеуметтік желілер арқылы сенімге кіріп алдау, онлайн сатып алу кезінде төлем жасау сылтауымен ақша аударту сияқты әрекеттердің жиі кездесетіні айтылды.

Құқық қорғау өкілдері тұрғындарға жеке және банк деректерін бөгде адамдарға бермеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, белгісіз қосымшаларды жүктемеуді және бейтаныс тұлғалармен қаржылық операция жасамауды ескертті. Сондай-ақ интернет арқылы келіп түсетін «банк қызметкеріміз» деген қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеу қажеттігі айтылды.

Полицейлер интернет алаяқтықтың құрбаны болған жағдайда бірден банкке хабарлап, есепшотты бұғаттау және полицияға арыздану тәртібін түсіндірді. Мұндай жағдайда барлық дәлелдерді (хабарламалар, төлем түбіртектері, сілтемелер) сақтау маңызды екені атап өтілді.

Киберқылмыстардың алдын алу мақсатында тұрғындарға киберқауіпсіздік ережелері жазылған жадынамалар таратылды. Азаматтар өз кезегінде мұндай шаралардың маңыздылығын атап өтіп, қойылған сұрақтарына нақты жауаптар алды.

Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері түсіндіру жұмыстарының алдағы уақытта да жалғасатынын хабарлады. Мұндай кездесулер мектептерде, колледждерде және еңбек ұжымдарында өткізілмек.

Құқық қорғау органдары азаматтарды интернеттегі кез келген күмәнді хабарламаларға сенбеуге, жеке деректерін қорғауға және күдікті жағдай туындаған сәтте дереу полицияға хабарлауға шақырады.

Киберқауіпсіздік – әр азаматтың жеке жауапкершілігі. Интернеттегі сақтық пен зейін – өз қауіпсіздігіңіздің кепілі.

Алдыңғы жаңалық

Продюсер Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовпен ажырасқанын алғаш рет растады

Келесі жаңалық

Новая глава начинается!

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025
Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025
ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025
ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық
Новая глава начинается!

Новая глава начинается!

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz