Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ЕЛІМІЗДЕ ЖИЫН-ТЕРІМ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ЕЛІМІЗДЕ ЖИЫН-ТЕРІМ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
saqnews.kzsaqnews.kz
12 августа, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
3
VIEWS

Елімізде аграршылар табысты жиын-терімге дайындалуда. Биыл Қазақстанда ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау аумағы 23,6 млн гектарды құрайды, оның ішінде 16 млн гектар — дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар. Тамыз айының басында елде 880 мың гектар жиналып, 1,2 млн тонна астық бастырылды. Солтүстік өңірлерде жаппай жинау тамыздың ортасында басталады.
Осы ретте, Ақмола облысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңір әкімдігінің ұйымдастыруымен республикалық БАҚ өкілдерінің қатысуымен пресс-тур өтті. Журналистер заманауи агротехнологиялармен, егін жинау науқанына дайындық барысымен танысты. Облысқа қарасты Зеренді ауданындағы «Викторовское» ЖШС 23,6 мың гектар жерді өңдейді, оның ішінде 17,8 мың гектары — егістік, 6,8 мың гектары — жайылымға тиесілі. Егіс құрылымында бидай, арпа, сұлы, бұршақ дақылдары, зығыр, рапс және малазықтық шөптер бар. Мұнда заманауи техника паркі, астық кептіргіш, механикаландырылған ток және тіпті өз наубайханасы да жұмыс істейді. Маусым кезінде 200-ге дейін адам еңбек етеді.

Сонымен қатар, кәсіпорын мемлекеттік қолдау шараларын белсенді пайдаланады, жеңілдетілген жанар-жағармай мен техника алады, бұл тұрақты өнім алуға мүмкіндік береді. Шаруашылық директоры Виталий Гончаровтың айтуынша, биыл алғаш рет тәлімі жерге қант қызылшасы егілген.

«Бұл істі енді бастадық, бірақ гектарына кем дегенде 30 тонна алуды жоспарлап отырмыз. Бұл — жақсы нәтиже. Біз аурулар мен зиянкестерге қарсы төрт рет өңдеу жүргіздік. Салыстырмалы түрде айтсақ, бидайда әдетте екі рет жасаймыз. Жоба пилоттық, бірақ болашағы зор, әсіресе қасымызда қайта өңдеу зауыты ашылса», — деді ол.

Пресс-турдың келесі нысаны өңірдегі ең ірі шаруашылықтардың бірі «Журавлевка-1» ЖШС. Ондағы 122,8 мың гектар жерге дәнді, майлы, бұршақ дақылдары, картоп және көкөніс өсіріледі. Сондай-ақ, мұнда мал шаруашылығы, соның ішінде асыл тұқымды қазақтың ақбас сиыры бағыты дамып келеді.

Кәсіпорын басшысы Қуантай Сұлтановтың айтуынша, мемлекеттік қолдаудың арқасында шаруашылық машина-трактор паркінің 90%-ын жаңарта алған.

«Бізде 64 жаңа комбайн бар. «Кең Дала» бағдарламасы бойынша 6 млрд теңгеден астам қаражат алдық, тыңайтқыш, жанар-жағармай және техника сатып алдық. Бұл тікелей өнімділіктің артуына әсер етті: биыл гектарына 23 центнер алуды жоспарлап отырмыз, өткен жылы 18 центнер болды. Қазір бізде 530-дан астам адам жұмыс істейді. Осы аптада жинауды бастаймыз», — деді ол.

Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ренат Қасеновтың айтуынша, өңірдегі егін жинау аумағы 5,3 млн гектарды құрайды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 128 мың гектарға көп.

«Қолайлы ауа райы мен уақытылы агротехникалық шаралар егістік алқаптарының 80%-ында жақсы жағдайды қамтамасыз етті. 4,2 млн гектарда химиялық арамшөпке қарсы өңдеу аяқталды, 273 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізілді. Мұның бәрі көктемгі егіс жұмыстарына жеңілдетілген несие беру бағдарламаларының арқасында мүмкін болды. Биыл 905 фермер 116 млрд теңгеден астам қолдау алды», — деді ол.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖАСТАР МЕН ТҰРҒЫНДАРҒА «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫ ТАРАТЫЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖАСТАР МЕН ТҰРҒЫНДАРҒА «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫ ТАРАТЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

8 августа, 2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ШАРДАРА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСЫН ҚАДАҒАЛАДЫ
Басты жаңалықтар

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ШАРДАРА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

6 августа, 2025
ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА ТҰРҒЫНДАРДЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА ТҰРҒЫНДАРДЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

6 августа, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ШАРДАРА ҚАЛАСЫНДА УАҚЫТША СУ ТАПШЫЛЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

6 августа, 2025

ШАРДАРА ҚАЛАСЫНДА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

6 августа, 2025

ХАБАРЛАНДЫРУ! ҚҰРМЕТТІ ШАРДАРА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

6 августа, 2025

Құрметті Жұмыс берушілер!

4 августа, 2025
Келесі жаңалық
ТҮРКІСТАНДА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖАСТАР МЕН ТҰРҒЫНДАРҒА «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫ ТАРАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖАСТАР МЕН ТҰРҒЫНДАРҒА «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫ ТАРАТЫЛДЫ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

Құрметті Жұмыс берушілер!

Құрметті Жұмыс берушілер!

saqnews.kz
4 августа, 2025
0

ХАБАРЛАНДЫРУ! ҚҰРМЕТТІ ШАРДАРА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

ХАБАРЛАНДЫРУ! ҚҰРМЕТТІ ШАРДАРА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

saqnews.kz
6 августа, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz