МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІ «ЗАМАН МЕН МӘДЕНИЕТ ДИАЛОГЫНДАҒЫ ЯСАУИ МҰРАСЫ: ГУМАНИСТІК БАҒЫТ-БАҒДАР МЕН ЗАМАНАУИ СЫН-ҚАТЕРЛЕР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМҒА ҚАТЫСТЫ
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Түркістанда өтіп жатқан «Заман мен мәдениет диалогындағы Ясауи мұрасы: гуманистік бағыт-бағдар мен заманауи сын-қатерлер» атты халықаралық симпозиумның ашылуына қатысты. Бұл симпозиумды өткізу туралы бастаманы Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен үшінші отырысында көтерген еді. Президент алқалы жиында: «Қожа Ахмет Ясауи мұраларын терең зерделеп, дәріптеуге де айрықша назар аударған жөн. Бұл мәселе…