ШАРДАРАДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ОБЛЫҚТЫҚ ДӘСТҮРЛІ 62-ШІ ТУРНИРІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

Бүгін Шардара ауданында қазақ күресінен «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің жүлдесі үшін дәстүрлі 62-ші турнирдің ашылу салтанаты өтті. Қазақ күресінен 62-ші облыстық дәстүрлі турнирге басқа аудандар мен қалалардан келген 9 команда құрамындағы 106 спортшы қатысуда. Бұл БАҚ ұйымдастырып келе жатқан, алпыс жылдан астам тарихы бар еліміздегі бірден- бір дәстүрлі турнир. Жарыстың мақсаты – ұлттық спорт…

Read More

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ХИМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҮНГІ АУЫСЫМДА ЖАЛҒАСУДА

Мамандардың мәлімдеуінше, ауа температурасының күрт ысуы салдарынан Марокко шегірткелерінің белсенділігі артқан. Сол себепті, тиімділігі ескеріле отырып, дәрілеу жұмысы түнгі уақытқа ауысты. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Келес, Сарыағаш аудандарындағы бірқатар секторларды аралап, химиялық өңдеу барысын бақылады. Сонымен қатар, Шардара ауданындағы Жаушықұм, Арыс қаласы аумағындағы Қожатоғай, Монтайтас, Ордабасы, Отырар аудандарының шекаралас алқаптарында атқарылып жатқан жұмыстың…

Read More

ТҮРКІСТАН: ЖОЛДЫ САПАСЫЗ САЛҒАН МЕРДІГЕРЛЕР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛАДЫ

Түркістан облысында жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарының сапасы қатаң бақылауда тұр. Осы орайда, облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен кезекті штаб отырысы өтіп, күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Атап айтсақ, жол саласындағы мәселелер, облыс аумағындағы жолдардың сапасы, республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Жиын барысында жол саласына жауапты мердігер…

Read More

ШАРДАРА АУДАНЫНДА МОБИЛЬДІ ТОП ТҰРҒЫНДАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

2025 жылғы 14 мамырда Шардара ауданында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен мобильді топтың қатысуымен қоғамдық қабылдау өтті. Іс-шараға департаменттің аға тергеушісі Сағымбек Заманбек Кәрімұлы төрағалық етті. Қоғамдық қабылдау Шардара аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ғимаратында және Жаушықұм ауылдық округі әкімдігінде өтті. Шара барысында тұрғындарға кәсіби құқықтық көмек көрсетіліп, азаматтардың өтініштері мен сұрақтарына…

Read More

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ДИЗАЙН КОДЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бүгін «Алатау медиа» орталығында «Түркістанның дизайн коды» тақырыбында брифинг өтті. Брифинг барысында «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дизайн код ресми түрде таныстырылып, оның негізгі бағыттары мен талаптары түсіндірілді. Дизайн код 8 тарау мен 118 тармақшадан тұратын талаптар кешенін қамтиды. Онда жалпы ережелер, сәулет және қала құрылысына қойылатын негізгі талаптар, сыртқы көрнекі…

Read More

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА КӨЛІК ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН ТЕКСЕРДІ

Премьер-министр Олжас Бектенов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Президенттің Ұлттық құрылтай мен Қауіпсіздік Кеңесінің IV отырысында айтылған автожол желісін дамыту, Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіру, энергиямен жабдықтау жүйесін жаңғырту және жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Арқалық қаласында Премьер–министр өңірлер арасындағы көлік қатынасын жақсартуға бағытталған «Орталық – Батыс» күре жолын салу жөніндегі жобаның…

Read More

ТҮРКІСТАНДА ЖАЗУШЫ МАРХАБАТ БАЙҒҰТТЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМ ӨТТІ

Түркістан қаласында «Фараб» ғылыми-әмбебап кітапханасында классик жазушы, қазақтың көрнекті қаламгері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мархабат Байғұттың 80 жылдығына арналған «Мақамы бөлек Мархабат Байғұт» атты халықаралық симпозиумы өтті. Шара аясында «Мархабат Байғұт-80 жаста» атты фотокөрме, жазушы шығармашылығына арналған театр қойылымы, қаламгер туралы деректі фильм көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ, шара соңында жастар арасындағы республикалық шығармашылық байқауы…

Read More

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысында 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Облыста жалпы жылумен қамтамасыз ету бойынша 7 кәсіпорын қызмет көрсетеді. Олардың құрамында 1 жылу энергетика кешені, 34 орталықтандырылған қазандық және 1 622 автономды қазандық құрамында бар. Аталған жылу орталықтары арқылы өңірде 1297 білім, 685 денсаулық сақтау, 210 мәдениет, 7 жұмыспен қамту, 73 спорт және 737 көпқабатты…

Read More

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА МЕКТЕП ФОРМАЛАРЫ ТІГІЛЕТІН БОЛАДЫ

Түркістан өңіріне инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, Мақтаарал ауданының өндірістік әлеуеті жаңа деңгейге көтерілуде. Аудан әкімі Бақыт Асанов жуырда Қазақстан мен Қытай мемлекеттері арасындағы іскерлік ынтымақтастық негізінде құрылған «FANGAO киім тігу» ЖШС-нің өкілі Джу Ян Кун мырзаны ресми қабылдады. Бұл кездесудің басты тақырыбы – Атакент кентінде…

Read More

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚР Денсаулық сақтау министрі жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді. Сапар барысында өңірдегі медициналық ұйымдардың қызметімен танысып, сала мамандарымен кездесулер өткізді. Министр ең алдымен Түркістан облыстық жедел жәрдем станциясына барып, мекеменің материалдық-техникалық базасын көріп шықты. Жедел жәрдем көліктерінің жарақтандырылуы, шақыртуларды қабылдау және өңдеу жүйесі, бригадалардың дайындық деңгейі секілді маңызды бағыттар назардан тыс қалмады. Сондай-ақ, жедел жәрдем…

Read More