Қазақстан – сан түрлі этнос пен ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан бейбіт ел. Еліміздің басты құндылықтарының бірі – бірлік, ынтымақ және ұлттар арасындағы достық.
Тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап, елімізде бейбітшілік пен келісім, этносаралық татулық басты қағидаға айналды. Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы сынды институттар ұлттар арасындағы өзара құрмет пен сенімді нығайтып келеді.
Бірлік – елдің тірегі. Ынтымақ – тұрақтылықтың кепілі. Ал ұлттар достығы – болашағымыздың берік іргетасы. Әрбір азаматтың бейбіт өмірге, ортақ құндылықтарға қосқан үлесі еліміздің дамуына, өркендеуіне жол ашады.
Біз бір шаңырақ астында түрлі мәдениет пен дәстүрді құрметтей отырып, ортақ мақсат жолында жұмылып келеміз. Бұл – еліміздің ең үлкен жетістіктерінің бірі.