Қазақстан – көпұлтты, көпконфессиялы мемлекет. Бүгінде елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бұл – еліміздегі ұлтаралық келісім мен бірліктің, өзара құрмет пен түсіністіктің айқын көрінісі.
Мемлекетіміздің жүргізіп отырған сындарлы саясатының нәтижесінде әр этнос өз тілін, мәдениетін, дәстүрін сақтап, дамытуға толық мүмкіндікке ие. Қазақстан халқы Ассамблеясы халықтар достығы мен этносаралық келісімді нығайту жолында маңызды рөл атқаруда.
Біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтары тең. Ұлтаралық татулық – ел тұрақтылығының, дамуының және болашағының негізі. Бірлік бар жерде – береке бар.
Біз бір шаңырақ астында өмір сүріп, ортақ мақсаттар жолында бірге еңбек етіп келеміз.
Бізді біріктіретін – ортақ Отан, ортақ құндылықтар, бейбіт өмірге деген ұмтылыс.
Қоғамдағы әрбір ұлттың мәдениеті мен дәстүрі – еліміздің рухани байлығы. Осы байлықты көздің қарашығындай сақтап, оны келер ұрпаққа жеткізу – бәріміздің ортақ міндетіміз.