Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Баланың туылуымен және тәрбиесімен байланысты дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар

Баланың туылуымен және тәрбиесімен байланысты дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар
saqnews.kzsaqnews.kz
3 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
3
VIEWS

Шілдехана — нәрестенің дүниеге келу құрметіне арналған той, қазақ халқының көптеген салт-дәстүрлердің бірі баланың дүниеге келгендегі алғашқы тойы. Шілдеханаға шақырумен де, шақырусыз да баруға болады. Қонақтар Перзентіңнің (ұлыңның немесе қызыңның) «бауы берік болсын!» деген тілек айтады.

Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлек, жаулық сияқты сый тартылады.

Есім қою, ат қою — жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтан дана, қазақтан шебер халық жоқ. Ырымға байланысты ат қою қазақтың салты бойынша, жас нәресте туған кезде ата-анасы ең сыйлы, қатты құрмет тұтатын адамына өз сәбиінің есімін қойғызады.

Қырқынан шығару — Дәстүрлі ортада бала дүниеге келгеннен кырқынан шыққанға дейінгі алғашқы қырық күндік «өтпелі кезеңді» қауіпті, қатерлі санап, жаңа туған нәрестені шырақ жағып күзетіп, қасынан адам үзілмей бағады. Бала қырқынан шыққанша «сүт тырнағын», «қарын шашын» алмайды. Қырық күннен аман өткен нәрестені «қарақұлақтанды» деп қуанып, «қырқынан шығару» тойын жасайды. Таңдалған күні үйге туған-туыстардан, ауылдан әйел адамдар жиналады. Бұл салтқа ер адамдар қатыстырылмайды. Жиналған қонақтар арасынан елге сыйлы, қадірлі үш әйел таңдалып қойылады. Олардың бірі — тырнағын, бірі — шашын алады. Үшіншісі нәрестені қырық қасық суға шомылдыру рәсімін өткізеді. Қайнаған суды суытып, ішіне қырық бұршақ не басқа да дәндер мен күміс тиындар салады. Сәбиді осы суға отырғызып қырық қасық суды бұршағымен баланың басынан денесіне санап құяды.

Тұсау кесу — бала ертерек жүріп кетсін деген ниетпен, жасалатын салт. Ол бала еңбектеуден, қаз тұруға (екі аяқпен тұруға) ауысып, жүруге жақын қалғанда жасалады. Баланың тұсауын кесу үшін аранайы, кішігірім той жасалады. Баланың аяғын салт бойынша ала жіппен байлайды. Бұны «ешкімнің ала жібін аттамасын, ақ пен қараны ажырата алсын, адал азамат болсын» деген ниетпен байлайды. Тұсау кесетін адамды баланың ата-анасы таңдайды. Осы рәсім көбінесе, көп балалы, салиқалы анаға, немесе абыройлы ақ жаулықты әжеге тапсырылады. Баланың тұсауын кескен адам ширақ қимылдайтын, тез жүретін адам болу керек, себебі оның осы қасиеттері балаға сіңеді деп сенеді біздің халық.

Сүндетке отырғызу — Халық түсінігінде баланы сүндетке тақ жасында отырғызады. Яғни үш жаста, бес, жеті, тоғыз, одан тым кешіккенде он үш жаста. Бұл жастан кешіктіруге болмайды. Баланың сүндетке отыруы – оның азаматтық өмірге қадам басуымен тең. Сүндетке отырғызу – тазалықтың, пәктіктің, мұсылмандықтың белгісі. Қазақ салтында, сүндетке отырған баланың нағашылары «нағыз азамат, мұсылман болдың» деп тай мінгізсе, ата-әжелері түрлі базарлығын сыйға тартқан.

Алдыңғы жаңалық

Қонақ күтуге байланысты салт-дәстүрлер

Келесі жаңалық

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 2600-ДЕН АСТАМ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Ұқсас жаңалықтар

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ӨТКІЗІЛЕТІН АПТАЛЫҚ ІС-ШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ
Басты жаңалықтар

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ӨТКІЗІЛЕТІН АПТАЛЫҚ ІС-ШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ

18 июня, 2025
АУДАН ӘКІМІ ЕЛ ДАМУЫНА СҮБЕЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАН АРДАГЕР АЗАМАТПЕН КЕЗДЕСТІ
Басты жаңалықтар

АУДАН ӘКІМІ ЕЛ ДАМУЫНА СҮБЕЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАН АРДАГЕР АЗАМАТПЕН КЕЗДЕСТІ

18 июня, 2025
ЖЕРЛЕСІМІЗ АУДАНДЫҚ КІТАП ҚОРЫНА 100 КІТАПТЫ СЫЙҒА ТАРТТЫ
Басты жаңалықтар

ЖЕРЛЕСІМІЗ АУДАНДЫҚ КІТАП ҚОРЫНА 100 КІТАПТЫ СЫЙҒА ТАРТТЫ

18 июня, 2025
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «АНА МЕН БАЛА» ОРТАЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ БОЙ КӨТЕРУДЕ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «АНА МЕН БАЛА» ОРТАЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ БОЙ КӨТЕРУДЕ

18 июня, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ПРЕЗИДЕНТ ЕКІНШІ «ОРТАЛЫҚ АЗИЯ – ҚЫТАЙ» САММИТІНЕ ҚАТЫСТЫ

18 июня, 2025

МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРГЕ ҚАУІПСІЗ ОРТА ҚҰРУ МӘСЕЛЕСІ ҚОЗҒАЛДЫ

18 июня, 2025

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ЕСЕБІНДЕГІ АЗАМАТТАРДЫ ӨМІРГЕ ҚАЙТА БЕЙІМДЕУГЕ КҮШ САЛЫНАДЫ

18 июня, 2025

«ОРТАЛЫҚ АЗИЯ – ҚЫТАЙ» ИНДУСТРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІІ ФОРУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР АРАСЫНДА 7 МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

18 июня, 2025

ТӨЛЕБИДЕ ЖЫЛЫНА 90 МЫҢ ДАНА ЖҰМЫС КИІМІН ДАЙЫНДАЙТЫН ТІГІН ФАБРИКАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

18 июня, 2025
Келесі жаңалық
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 2600-ДЕН АСТАМ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 2600-ДЕН АСТАМ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

«ОРТАЛЫҚ АЗИЯ – ҚЫТАЙ» ИНДУСТРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІІ ФОРУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР АРАСЫНДА 7 МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

«ОРТАЛЫҚ АЗИЯ – ҚЫТАЙ» ИНДУСТРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІІ ФОРУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР АРАСЫНДА 7 МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

saqnews.kz
18 июня, 2025
0

МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРГЕ ҚАУІПСІЗ ОРТА ҚҰРУ МӘСЕЛЕСІ ҚОЗҒАЛДЫ

МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРГЕ ҚАУІПСІЗ ОРТА ҚҰРУ МӘСЕЛЕСІ ҚОЗҒАЛДЫ

saqnews.kz
18 июня, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz