Қазақстан – жүзден астам ұлт пен ұлыс тату-тәтті өмір сүріп жатқан, бейбітшілік пен келісімнің киелі мекені.
Бүгінде елімізде тұратын өзге ұлт өкілдері Қазақстанды өз туған Отанындай қабылдап, ел дамуына елеулі үлес қосып келеді. Олар еліміздегі тұрақтылық пен бейбіт өмір үшін, мәдениеті мен тіліне құрмет көрсетіп, өсіп-өркендеуге бар күшін жұмсауда.
«Қазақстан – біз үшін екінші Отан. Бізге өз тілімізді, салт-дәстүрімізді сақтау мүмкіндігі берілген. Балаларымыз қазақ және ана тілін қатар меңгеріп өсіп келеді. Осындай жағдай жасаған Қазақстан халқына және Ел басшылығына алғысымыз шексіз!» – дейді елімізде тұратын түрлі этностардың өкілдері.
Мемлекетіміздің жүргізіп отырған татулық пен тұрақтылық саясаты – әр азаматқа тең құқық пен мүмкіндіктер береді. Бұл – бірлігі жарасқан көпұлтты елдің басты байлығы.
Қазақстан – баршамызға ортақ шаңырақ. Осы шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп, жарқын болашаққа бірге қадам басу – баршамыздың ортақ міндетіміз.