Ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген түркістандық керуен Абай облысына жетті

2025 жылдың 2-3 тамыз күндері Абай облысы, Семей қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Ауқымды іс-шараға Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері арнайы қатысып, өңір тұрғындарына өз өнімдерін ұсынады.

Жәрмеңке Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Түркістан өңірінен тарту ретінде ұйымдастырылып отыр. Бұл – ел ішіндегі өңіраралық ынтымақтастықты нығайтатын маңызды шаралардың бірі.

Жәрмеңке аясында 540 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді. Атап айтқанда:

  • көкөніс пен бақша өнімдері,

  • жеміс-жидек,

  • балық,

  • жергілікті қайта өңдеу өнімдері.

Барлық тауарлар тұтынушыларға қолжетімді бағамен ұсынылады.

🔹 Өтетін күндері: 2-3 тамыз 2025 жыл
🔹 Уақыты: 09:00–18:00
🔹 Өтетін орны: Семей қаласы, «Арена» көпфункционалды мәдени-спорт кешені

Абай облысының тұрғындары мен қонақтарын жәрмеңкеге белсенді қатысуға шақырамыз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *