saqnews.kz

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ІШКІ ЖОЛДАР ЖАҢАРТЫЛУДА

Созақ ауданы, Құмкент ауылдық округінде халық сұранысына сай бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков округке арнайы барып, ішкі жолдардың жөндеу жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда Құмкент ауылында жалпы ұзындығы 9 шақырымды құрайтын Абай, Есіркепұлы, Қызылқанат және Жамбыл көшелеріне асфальт төселуде. Сонымен қатар Қызылкөл елді мекенінде ұзындығы 2,5 шақырым болатын көшелерге де сапалы жол жабындысы…

Read More

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДАҒЫ 6 АУЫЛҒА ТАБИҒИ ГАЗ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Келес ауданына қарасты Ошақты ауылдық округінде халықтың тұрмыс сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы округтегі Жиделі елді мекенінде 300 орындық жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілді. Инфрақұрылым саласында да оң өзгерістер байқалады. Бірнеше елді мекеннің ішкі көшелеріне асфальт төселіп, жол сапасы жақсарды. Қазіргі таңда Қоңыртөбе мен Береке ауылдарында қосымша көше жолдарын жөндеу жұмыстары жүргізілуде….

Read More

ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ МЕКТЕП ПСИХОЛОГТАРЫНА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

«Түркістан облысының психологиялық қолдау орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «PsyTalks: Заманауи психологиялық қызметтің жаңа сын-қатерлері мен мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық конференция өтті. Лекция мен практика форматында өткен алғашқы психологтар конференциясына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы, облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Қасымбекова мен мыңға жуық педагог-психолог қатысты. Конференция барысында барлық қатысушылар жасанды…

Read More

ТҮРКІСТАН: «SHOW MATCH» ФУТБОЛ ОЙЫНЫНДА «TURKISTAN» КОМАНДАСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Түркістан қаласында өнер және медиа саласында жүрген танымал азаматтардың қатысуымен футболдан «Show match» атты жолдастық кездесу өтті. Аталған іс-шара лудомания мен есірткіге қарсы күрес идеясын қолдауға, сондай-ақ жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Ойын «Лудомания және есірткіге қарсымыз!» ұранымен өтті. «Turkistan Arena» алаңында өткен кездесуде «Turkistan» және Қазақстан құрамалары өзара бақ сынап, кім мықтыны…

Read More

ШАРДАРАДА ЗАҢСЫЗ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА РЕЙДТІК ШАРАЛАР ЖҮРГІЗІЛДІ

Шардара ауданында заңсыз жер қойнауын пайдалану деректерінің алдын алу мақсатында аудандық мобильді топ Шардара аудандық полиция бөлімінің (АПБ) қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізді. Рейд барысында аудан аумағында қозғалыста жүрген жүк көліктері тексерілді. Атап айтқанда, олардың жол құжаттары мен тасымалданатын жүктің талаптарға сәйкестігі бақылауға алынды. Сонымен қатар жүк көліктерінің үстін арнайы жабу, артық салмақта шикізат артпау…

Read More

«Жайлы мектеп» жобасы — орта білім деңгейін арттыруға бағытталған стратегиялық бастама

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бұл бастаманың негізгі артықшылықтарының бірі – оқушылардың қажеттіліктеріне толық бейімделген, ыңғайлы әрі эргономикалық білім беру ортасының қалыптастырылуын айтты. «Жоба қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған. Жобаны іске асырудың мақсаты – элиталық оқу орындарын құру емес, білім беру сапасының жоғары стандарттарын жаппай енгізу. Бұл әрбір…

Read More

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитін көне Будапешт шаһарында өте жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Мажарстанның Премьер-министрі Виктор Орбанға ризашылығын білдірді. – Бүгінгі алқалы жиынның Еуропа төрінде өтуінің айрықша мәні бар. Біз мажар жұртының қарт құрлықта тұғырлы мемлекет болып отырғанына дән ризамыз. Бүгін бәрімізді түбі бір түркі бауырларым деп құшақ жая қарсы алып жатсыздар. Мұны,…

Read More

Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары!

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды, “Өрт-2025” республикалық-командалық штабтық оқу-жаттығу шеңберінде 2025 жылғы 22 мамырда сағат 09:00-де облыс аумағында электросиреналар мен сиреналық-сөйлеу құрылғыларын қосу арқылы “Баршаның назарына!”сигналы беріледі. Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтарын, жаттығу аясында қосылған дабылға түсіністікпен қарауды, тыныштық сақтауды және дүрбелеңге түспеуді сұраймыз! Уважаемые жители и гости области ! Департамент по чрезвычайным ситуациям…

Read More

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА «АҒАНАЙ» СУ ҚОЙМАСЫНА 200 МЫҢҒА ЖУЫҚ САЗАН ШАБАҒЫ ЖІБЕРІЛДІ

Қазығұрт ауданында балық шаруашылығын дамыту ісі қарқынды жүргізілуде. Соңғы жылдары бұл салаға ерекше көңіл бөлініп, өңір экономикасының маңызды бір бағытына айналып келеді. Мемлекет тарапынан қабылданған «Балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында кәсіпкерлерге түрлі қолдаулар көрсетіліп, тың жобалар жүзеге асуда. Осы орайда аудан әкімі Азизхан Исмаилов Шарбұлақ ауылдық округіне қарасты Ақбастау ауылында орналасқан «Сабит»…

Read More

АРЫСТЫҚ ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР “ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫНДА” ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Арыс қаласы, Дермене ауылдық округіндегі Ж.Тәшенов атындағы мектептің оқушылары волейболдан өткен республикалық «Ұлттық мектеп лигасында» күміс жүлдеге ие болып, өңір абыройын асқақтатты. Алдымен қалалық іріктеуде қарсыластарынан басым түсіп, облыстық кезеңге жолдама алған арыстықтар барлық аудандар мен қалалардың мықты командаларын жеңіп, республикалық додаға жолдама алған болатын. 12-19 мамыр күндері аралығында Астана қаласында өткен сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен…

Read More