saqnews.kz

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ 100 ПАЙЫЗ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Ордабасы ауданының барлық елді мекені қазіргі таңда толықтай сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Өткен жылы аудандағы 57 елді мекеннің 54-і орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылып, қамту деңгейі 94,7 пайызды құраған болатын. Биыл Мәдениет, Ынтымақ және Жұлдыз елді мекендерінде жүргізілген күрделі құрылыс-монтаждау жұмыстары нәтижесінде өңір тұрғындарының ауыз суға қолжетімділігі 100 пайызға жетті. Су жүйелерінің тұрақты және…

Read More

КЕЛЕС АУДАНЫНДА 40 ЕЛДІ МЕКЕН ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТАҒЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Келес ауданының орталығы – Абай ауылында «Қазақтелеком» АҚ тарапынан байланыс инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ескірген бағаналар ауыстырылып, ауылішілік байланыс желілері толықтай жаңартылуда. Бұл жоба интернет жылдамдығын бірнеше есеге арттырып, өңірдің цифрлық мүмкіндіктерін кеңейтуді мақсат етеді. Қазіргі таңда Абай ауылындағы интернет жылдамдығы орта есеппен 8 Мбит/с болса, жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін бұл көрсеткіш 500 Мбит/с-қа…

Read More

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК ОТАРБАЕВ ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кеңесшісі Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын түсіндіру және ондағы негізгі міндеттерді насихаттау мақсатында Отырар ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиынға аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, ауыл ақсақалдары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, белсенді азаматтар мен жастар қатысты. Кездесуді аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы ашып, жүргізді. Ол өз сөзінде Жолдауда көрсетілген басымдықтардың ел дамуы…

Read More

ТҮРКІСТАНДА ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына келіп, өңір жұртшылығымен кездесті. Жиынға зиялы қауым мен ардагерлер кеңесінің өкілдері, дін қызметкерлері, аудан-қала әкімдері, Полиция департаментінің мамандары және белсенді жастар қатысты. Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты…

Read More

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Ұлы Дала философиясы және құқықтық мәдениет» атты халықаралық симпозиум өтті. ҚР Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған шараны Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты, Түркістан облысының әкімдігі және университет бірлесіп өткізді. Симпозиумның негізгі мақсаты – түркі дүниесінің көне құқықтық дәстүрлерін, билер институтының тәжірибесін, дала өркениетіне тән әділет…

Read More

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

Түркістан облысында егінге қажетті суды тиімді бөлу мақсатында вегетация кезеңіндегі күтілетін су көлемін ескере отырып, ылғалсүйгіш дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістанда 2026 жылғы вегетация кезеңіне дайындық мәселелеріне арналған отырыс өткізді. Жиынға су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, су шаруашылығы ұйымдарының, жергілікті атқарушы және құқық…

Read More

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

Түркістан қаласында 570 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Ауқымды жоба Түркияның «YDA Group» компаниясының жеке бастамасы негізінде жүзеге асып жатыр. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Нұралхан Көшеровпен бірге нысанның құрылыс алаңында болып, жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылады. Мердігер компания өкілдерімен кездесіп, жобаның іске асу барысын және алдағы жоспарларды…

Read More

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Түркістан қаласында балаларға арналған жаңа қалалық оңалту орталығының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев және Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, орталықтың ашылуына үлес қосқан жандарға алғыс білдірді. Олар мұндай маңызды жобалардың жүзеге асуы – қоғамның бірлесіп атқарған жұмысының нәтижесі екенін атап өтті. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев өз сөзінде балалардың құқықтарын қорғау…

Read More

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына он жыл өте біздің қарым-қатынасымыз кең және серпінді серіктестікке айналды. Бұл серіктестік саяси диалогты, қауіпсіздік пен экономикалық даму саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ көпжақты дипломатияны, өзара байланыстылық пен инновацияларды қамтиды. Геосаяси шиеленіс пен жаһандық белгісіздікпен ерекшеленетін дәуірде, Қазақстан ЕО үшін тұрақты, сындарлы және перспективалы…

Read More

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістан қаласындағы арнайы экономикалық аймақта «ER-QAN GROUP» ЖШС-нің полиэтилен пакеттері мен желім (пластик) ыдыстарын шығаратын жаңа зауыты ресми түрде іске қосылды. Нысанның ашылуына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, өндіріс цехтарын аралап көрді. Облыс басшысы өңірде өндірісті дамытуға үлес қосып жүрген кәсіпкерлерге алғысын білдіріп, экспорт көлемін арттыру мәселелерін талқылады. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жаңа өндіріс…

Read More