СҮТ ӨНДІРІСІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРГЕН «БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Ордабасы ауданындағы «Бөрте Милка» жобасы толық іске қосылып, Түркістан облысының сүт өндірісін жаңа деңгейге көтерді. Заманауи автоматтандырылған ферма 403 асыл тұқымды сиырға қызмет көрсетеді, өндіріс көлемі 60%-ға артты. Жоба өңірде агроөнеркәсіп пен цифрлық технологияларды дамытуға, халықты жұмысқа орналастыруға үлес қосады. Фермада Швециядан әкелінген төрт сауу роботы орнатылып, сауын процесі автоматтандырылған. Жем-шөп қоймасы мен бетонды сақтау…