Saqnews

Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королімен келіссөз жүргізді

Президент, ең алдымен, Король II Абдалланың билік басына келгеніне ширек ғасыр толуымен құттықтап, оның Иордания халқының өсіп-өркендеуіне және елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету мен халықаралық аренадағы абырой-беделін арттыруға бағытталған жасампаз бастамаларының сәтті жүзеге асырылуына тілектестік білдірді, деп хабарлайды Saq.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосып келе жатқаны…

Read More

Мемлекет басшысы Молдова Президенті Майя Сандумен кездесті

СОР29 Дүниежүзілік климат саммиті аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Молдова Президенті Майя Сандумен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz. Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастарды, ең алдымен, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтудің мүмкіндіктерін талқылады. Кездесуде Майя Санду келесі жылы Астанада Молдова елшілігінің ашылуы елдеріміз арасындағы ықпалдастықты дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді. Сондай-ақ президенттер екіжақты жоғары деңгейдегі…

Read More

Түркістандағы дағдарыс жағдайларында мемлекеттік қызметшілерді коммуникацияларға дайындау бойынша Семинар

13 қарашада Түркістан қаласының Конгресс-холлында мемлекеттік қызметшілерді дағдарыс жағдайында тиімді коммуникацияға дайындауға арналған маңызды семинар өтті. Бұл бірегей білім беру жобасы мемлекеттік құрылымдардың өкілдерін, соның ішінде Түркістан облысының өңірлері бойынша қоғамдық даму бөлімдерінің басшыларын, олардың баспасөз хатшылары мен мамандарын жинады. Менеджмент және коммуникация саласындағы танымал сарапшылардың жетекшілігімен өткізілген Семинар білім мен тәжірибе алмасудың маңызды алаңына…

Read More

Өзбекстанда да жер сілкінісі болды

Жер сілкінісінің эпицентрі Ташкент облысының Бостанлық ауданында орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz. Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмикалық болжау мониторингі республикалық орталығының мәліметі бойынша, 2024 жылдың 3 наурызында жергілікті уақыт бойынша сағат 11:52-де ел аумағында жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы Ташкент облысының Бостанлық ауданында болды. Зілзала ошағы 15 км тереңдікте жатыр, магнитудасы – 3,6. Жерасты дүмпулерінің…

Read More

Келесі қысқы Азия ойындарын қабылдайтын қала анықталды

Азия Олимпиада кеңесі IX қысқы Азия ойындары өтетін қаланы атады. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Сары құрлықтың келесі ақ Олимпия ойындары 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында 7 ақпан мен 14 наурыз аралығында өтеді. Азия Олимпиада кеңесі кешенді жарысты үйлестіруші комитет өкілдерімен…

Read More

Қазақстандағы студенттік стипендияның жаңа мөлшері аталды

Колледж студенттерінің шәкіртақысы биыл 50 пайызға артады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, 2023 жылдың қыркүйегінде 250 мың колледж студентінің шәкіртақысы 50 пайызға өскен. Биыл студенттер стипендиясы тағы 50 пайызға артады. “Орта буын мамандықтарының студенттері қазіргі 31 422 теңгенің орнына 41 896 теңге алады. Жұмысшы біліктілігі…

Read More

Қазақстанда ақылы жолдардың тарифі қымбаттайды

Елімізде ақылы жолдардың тарифтері өседі. Бұл туралы ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев хабарлады, деп жазады Egemen.kz. Министрдің айтуынша, ақылы жолдардың тарифтерін 2-3 есеге көтеру ұсынылды. «Бұған дейін тарифтердің бағасын 2-3 есе көтеру ұсынылған еді. Біздің мамандар жолға қажет техниканы сатып алудан бөлек, жолдарды күтіп ұстауға қанша қаражат кететінін есептеуі керек», деді Марат Қарабаев. Осы тұста…

Read More

«Таксимен жеткізген». Шымкентте есірткі арнасының көзі жойылды

Полиция қызметкерлері Шымкентте есірткі жеткізу арнасын жойып, құны 30 млн теңгеден асатын есірткі құралдарын тәркіледі, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. «Арнайы іс-шаралар барысында ЕҚҚІҚБ-ның қызметкерлері қала аумағында психотроптық заттарды таратумен айналысқан 24 жастағы ер адамды ұстады. Одан жарты келі мефедрон және 25 бір реттік доза салынған орама табылды», делінген ақпаратта. Азаматтың жалдамалы пәтерінде 1…

Read More

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары Air Astana-ға инвестицияланды

БЖЗҚ зейнетақы активтерін IPO аясында Air Astana АҚ акцияларына инвестициялады. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстанның жоғары сапалы эмитенттерінің жай акцияларын сатып алу БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін әртараптандыруға бағытталды және ұзақмерзімді перспективада оның кірісін арттыруға ықпал етеді, делінген ресми ақпаратта. “БЖЗҚ зейнетақы активтерін Air Astana АҚ-ның жай акцияларына инвестициялау…

Read More

Қатар әмірі Тоқаевпен түскен суретін жариялады

Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни әлеуметтік желіде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен түскен суретін жариялады “Біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапарына және Қатар мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамыту жөніндегі пікірталасқа ризамыз. Біз екі достас ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту тетіктері туралы келістік және неғұрлым жемісті ынтымақтастыққа, ортақ ұмтылыстар мен қалаған амбицияларға сәйкес орнықты…

Read More