Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

АППАРАТ БАСШЫСЫ МАҚТААРАЛ МЕН ЖЕТІСАЙДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

АППАРАТ БАСШЫСЫ МАҚТААРАЛ МЕН ЖЕТІСАЙДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
saqnews.kzsaqnews.kz
13 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
7
VIEWS
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы жүргізіліп, құрылыс сапасы қатаң бақылауға алынған.
Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев Мақтаарал және Жетісай аудандарына жұмыс сапарымен барып, аудандарда салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылыс барысын бақылады. Мердігер мекемелердің басшыларымен жүздесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Алдымен Мақтаарал ауданында болып, Атакент кентінде бой көтеріп жатқан 1500 орындық жаңа мектептің құрылыс жұмыстарын тексерді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан мектеп құрылысы 2023 жылы басталған, биыл жаңа оқу жылында пайдалануға беру көзделуде. 4 гектар аумақты алып жатқан мектеп ғимаратының жалпы көлемі – 14 710 шаршы метр. Нысанның инженерлік инфрақұрылымы толығымен жүргізілген, жол салынып, интернет желісі толық тартылған. Қазіргі уақытта ішкі әрлеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл мектепте оқушылардың сапалы білім алуы үшін, қауіпсіздігі мен қолайлылығы үшін барлық жағдай қарастырылған.
Ауданға жұмыс сапары барысында аппарат басшысы Бірлік ауылдық округіне қарасты Еркінабад елді мекеніндегі 200 орынға арналған №113 мектептің құрылысымен танысты. Жоба құны – 1,2 миллиард теңге. Мектептің жалпы аумағы – 1844,34 шаршы метр, ал жер телімі – 1,7 гектар. Одан соң Жаңажол ауылдық округіне қарасты Нұрлыжол елді мекеніндегі 200 орындық «Нұрлы жол» мектебінің құрылыс жұмыстарын тексерді. Бұл мектептер шалғай елді мекендердегі оқушылардың білімге қолжетімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Жалпы, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Мақтаарал ауданында 5 мектептің құрылысы жоспарланған. Бүгінде 2 мектептің құрылысы жүріп жатыр және биыл пайдалануға тапсырылмақ. Қалған 3 мектеп осы жылы Облыстық білім басқармасы тарапынан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі арқылы іске асырылады.
Облыс әкімі аппаратының басшысы мәдени нысандарды да аралап, жұмыстарды пысықтады. Ол Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіндегі Ынталы елді мекенінде және Достық ауылдық округі Ж.Қалшораев елді мекенінде салынып жатқан Мәдениет үйілері мен кітапханалардың құрылысымен танысты. Ғимараттарды биыл пайдалануға тапсыру жоспарланған.
Еркебұлан Дауылбаев жауапты сала басшылары мен мердігерлерге құрылыс сапасына ерекше мән беруді, жұмысты белгіленген мерзімде аяқтауды және құрылыс барысында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды тапсырды.
Іссапар Жетісай ауданында жалғасты. Алдымен, Жетісай қаласының аумағын ұлғайтуға бөлінген 80 гектар аумағында болып, 5 қабатты 3 тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Нысанның алғаш қазығы 2019 жылы қағылғанымен, құрылыс материалдарының қымбаттауы салдарынан құрылыс жұмыстары тоқтап қалған болатын. Нысан қайта қаржыландырылып, жұмыстарды толық аяқтауды «Turan Energo group» ЖШС қолына алған. Бүгінде мекеме тарапынан өндірістік кестеге сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Жыл соңына дейін 5 қабатты 60 пәтерлі 2 тұрғын үй және 5 қабатты 20 пәтерлі бір тұрғын үй ел игілігіне тапсырылады деп жоспарлануда.
1500 орындық «Жайлы мектеп» пен Жаңа буынды дамыту орталығының (оқушылар сарайы) құрылыс алаңдары да тексерілді. Білім ұясын биыл падалануға беру жоспарлануда. Бүгінде мектептің негізгі құрылыс жұмыстары аяқталған. Заманауи пәндік кабинеттермен, оның ішінде робототехника, кең жолақты интернет, жаңа модификацияланған кабинеттермен жабдықталатын мектепте оқушылардың сапалы білім алуларына толық жағдай жасалады. Ал, ауданда алғаш бой көтеріп жатқан жаңа буынды дамыту орталығының құрылысы келесі жылдың соңына дейін аяқталмақ. «Real Stroy Invest» ЖШС өкілдерінің мәліметінше, мұнда оқушылардың бос уақыттарын тиімді өткізулері үшін түрлі спорт және өнер, пәндік және балалардың ой-өрісін дамытатын логикалық үйірмелер жұмыс істейтін болады.
Сонымен қатар, Жетісай ауданына жасаған іссапары барысында аппарат басшысы Ж.Ералиев ауылдық округінің Бәйтерек елді мекенінде құрылысы жүріп жатқан дәрігерлік амбулаторияда болды. Денсаулық сақтау нысаны биыл қыркүйек айында қолданысқа беріледі. Амбулатория заманауи үлгіге медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталады.
Нысандарды аралап, мердігерлер мен жауапты сала басшыларымен кездескен Еркебұлан Дауылбаев жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына сапалы материалды қолдануды ескертіп, мемлекеттен бөлінген қаржының тиімді жұмсалуы қатаң бақылауда екенін айтты.
Алдыңғы жаңалық

Балаларды кибербуллинг пен киберқауіптерден қалай қорғауға болады: ата-аналарға арналған ұсынымдар

Келесі жаңалық

КЕЛЕС ӨҢІРІНДЕ 12 ЖОБА ҚАРҚЫНДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 114 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізілді
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында 114 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізілді

9 декабря, 2025
Түркістан облысы жалпы өнім көлемін 4 трлн теңгеден асырып, республикада көшбасшылар қатарынан орын алды
Басты жаңалықтар

Түркістан облысы жалпы өнім көлемін 4 трлн теңгеден асырып, республикада көшбасшылар қатарынан орын алды

9 декабря, 2025
Түркістан облысында мақта, ет және жүгері кластерлері құрылып, терең өңдеу көрсеткіші ұлғаяды
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында мақта, ет және жүгері кластерлері құрылып, терең өңдеу көрсеткіші ұлғаяды

9 декабря, 2025
Түркістан облысында ауыл шаруашылығында 1,1 трлн теңгенің өнімі өндіріліп, өңір республикада көш бастады
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында ауыл шаруашылығында 1,1 трлн теңгенің өнімі өндіріліп, өңір республикада көш бастады

9 декабря, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Түркістан облысында 114 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізілді

9 декабря, 2025

Түркістан облысы жалпы өнім көлемін 4 трлн теңгеден асырып, республикада көшбасшылар қатарынан орын алды

9 декабря, 2025

Түркістан облысында мақта, ет және жүгері кластерлері құрылып, терең өңдеу көрсеткіші ұлғаяды

9 декабря, 2025

Түркістан облысында ауыл шаруашылығында 1,1 трлн теңгенің өнімі өндіріліп, өңір республикада көш бастады

9 декабря, 2025

Түркістан облысына 10 айда 1,2 трлн теңге инвестиция тартылып, жаңа зауыттар ашылды

9 декабря, 2025

Түркістан облысында энергия тапшылығын жою мақсатында ірі электр станциялары салынуда.

9 декабря, 2025

Түркістан облысының аудандары мен қалаларында шағын өндірістік парктер мен алаңдар ашылып, жаңа жұмыс орындары құрылуда.

9 декабря, 2025

Биыл Түркістан облысында халықаралық талаптарға сай заманауи зауыттар іске қосылып, өнеркәсіп өнім көлемі 1,3 трлн теңгені құрады.

9 декабря, 2025

Түркістан облысының индустриалды аймақтарында құны 152 млрд теңгені құрайтын 99 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр

9 декабря, 2025
Келесі жаңалық
КЕЛЕС ӨҢІРІНДЕ 12 ЖОБА ҚАРҚЫНДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

КЕЛЕС ӨҢІРІНДЕ 12 ЖОБА ҚАРҚЫНДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

saqnews.kz
5 декабря, 2025
0

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

saqnews.kz
5 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz