Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Uncategorized

«ALAYAQ.NET» жобасы аясында алаяқтықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық жұмыстар жүргізілді

«ALAYAQ.NET» жобасы аясында алаяқтықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық жұмыстар жүргізілді
saqnews.kzsaqnews.kz
29 мая, 2025
in Uncategorized
0
0
SHARES
9
VIEWS

Бүгінде интернет пен цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы — бір жағынан үлкен мүмкіндік болса, екінші жағынан алаяқтар үшін кең жол ашып отыр. Халықтың цифрлық сауаттылығының төмендігін пайдаланатын заманауи интернет-алаяқтар күн өткен сайын көбейіп, түрлі айла-тәсілмен азаматтардың жеке мәліметтері мен қаражатын заңсыз иемденуде.

Осыған орай, Шардара ауданы ішкі саясат бөліміне қарасты Жастар ресурстық орталығы КММ-ның бастамасымен «Alayaq.net» жобасы аясында Қоссейт ауылдық округінде алаяқтықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында ауыл тұрғындарына интернет алаяқтықтың кең таралған түрлері, әсіресе телефон арқылы ақша жымқыру, фишинг, жалған интернет дүкендер мен инвестициялық жобалар жайында толық мәлімет берілді. Алаяқтардың әрекеттерінен қорғану жолдары түсіндіріліп, ақпараттық үнпарақшалар таратылды.

«Цифрлық сауаттылық – заманауи қоғамдағы маңызды қорғаныс құралы. Интернет алаяқтарының қулығы күн сайын жаңарып отырады. Сондықтан әрбір азамат сақтық шараларын білуі және күмәнді әрекеттерге жол бермеуі тиіс», – делінген ақпараттық түсіндіру парақшаларында.

Шара барысында мамандар тұрғындарға белгісіз сілтемелерге өтпеу, жеке деректерді (ЖСН, банк картасының мәліметтері, SMS-кодтар) ешкімге айтпау, күмәнді қоңырауларға сенбеу сынды қауіпсіздік ережелерін ұстануды ұсынды.

Мұндай ақпараттық іс-шаралар халық арасында интернеттегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған және алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.


Шардара ауданы ішкі саясат бөлімі
Жастар ресурстық орталығы КММ

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН: ПОЭЗИЯ КЕШІНДЕ ОБЛЫСТЫҚ МҮШӘЙРА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКИЯЛЫҚ ORZAX КОМПАНИЯСЫ ҚАЗАҚСТАНДА ӨНДІРІСІН КЕҢЕЙТУ ҮШІН ТҮРКІСТАНДЫ ТАҢДАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ НЫСАНДАРЫН ЖӨНДЕУ, АҒЫН СУМЕН ҚАМТУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА
Uncategorized

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ НЫСАНДАРЫН ЖӨНДЕУ, АҒЫН СУМЕН ҚАМТУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

1 августа, 2025
Банктік деректеріңіз ұрланған жағдайда не істеу керек?
Uncategorized

Банктік деректеріңіз ұрланған жағдайда не істеу керек?

12 июня, 2025
Uncategorized

Мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектелген топтары үшін қаржылық қолжетімділікті арттыру жөніндегі ұсынымдар жобасы талқылануда

12 июня, 2025
Uncategorized

Кредиттермен жасалатын алаяқтық схемалар: өзіңізді алдауға қалайша жол бермеуге болады

12 июня, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық
ТҮРКИЯЛЫҚ ORZAX КОМПАНИЯСЫ ҚАЗАҚСТАНДА ӨНДІРІСІН КЕҢЕЙТУ ҮШІН ТҮРКІСТАНДЫ ТАҢДАДЫ

ТҮРКИЯЛЫҚ ORZAX КОМПАНИЯСЫ ҚАЗАҚСТАНДА ӨНДІРІСІН КЕҢЕЙТУ ҮШІН ТҮРКІСТАНДЫ ТАҢДАДЫ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

saqnews.kz
5 октября, 2025
0

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz