Биыл көктем шаруға қолайлы болды

Ауыл шаруашылығы министрі Маңғыстау облысында құрғақшылық болу ықтималдығы туралы айтты.

“Алғаш рет Маңғыстауға жем-шөп қорын құрып жатырмыз. Бұған 20 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. 200 мың тонна мал азығын сатып алуға дайындалып жатыр”, – деді Қарашүкеев.

Ол облыстағы жайылымдардың жақсарғанын айтты.

“Маңғыстау облысында көктем былтырғыдан жаңбырлы өтті. Біз бүкіл кешенді қадағалап отырмыз, қажет болса шара қабылдаймыз”, – деп түйіндеді министр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *