Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Әлеумет

Балалар жылындағы «Бэйби-бум»

Балалар жылындағы «Бэйби-бум»
25 мая, 2022
in Қоғам, Әлеумет
0
0
SHARES
18
VIEWS

Елімізде әрбір үшінші сәби көпбалалы отбасында дүниеге келеді. Бұл — әсіресе соңғы 2 жылда, яғни карантин кезінде байқалып отыр. Ұлттық статистика бюросы мамандарының мәліметінше 2021 жылы 500 мыңға жуық сәби дүние есігін ашқан. Осылайша 2020 жылғы көрсеткіштен асып түсті. 2022 жылды Балалар жылы деп бекер белгінбесе керек, биыл да туу көрсеткіші жоғары.

Карантин кезін қынжыла еске алғанымызбен, дәл осы кезде қазақтар саны бірден өсе бастады. 2 жыл ішінде ортамыз 1 млн жанмен толыққан. Ал соңғы үш айдың өзінде елімізде 100 мың сәби дүние есігін ашыпты. Жыл соңына дейін дәл осы қарқын жалғасса, 2 жылдағы туу көрсеткішін басып озуымыз мүмкін.

Осылайша өңірдің демографиясына өлшеусіз үлес қосқан жандардың бірі Жанар Ерінбетова. Ол 9 бала тапқан, алтын құрсақты ана. Небәрі 37 жаста. Жолдасы екеуі 6 қыз, 3 ұлды тәрбиелеп отыр. Олардың үлкені биыл 11 сыныпты тәмамдаса, кенжесі 3 жаста. Көпбалалы ананың сөзінше ұл -қыздары көп болған сайын біріне-бірі бауырмал болып өседі.

Жанар Ерінбетова – көпбалалы ана:
«9 баланың анасымын. Жылда жылда туып туып 2002 жылы түскен оқуымды 2014 те бітірдім. Енемнің абысыны 15 бала 1 ұл тапқан».

Статистиканы сөйлетсек, еліміз бойынша Түркістан облысы бала босанудан көш бастап тұр. Былтыр өңірде 66 мың сәби дүниеге келген. Ал жыл басынан бері 14 мың бөбек туған. Дәрігерлер облыстағы бала туу көрсеткіші карантин басталмай тұрып -ақ жоғары болған дейді. Оған мынадай дәйектер де келтірді

Ардақ Аязбеков — Облыстық №3 перзентхананың бас дәрігері орынбасары:
«Түркістан облысы бала босану көрсеткіші бойынша Республиканың көшбасшысы. Бұл көрсеткішті соңғы 10 жылдықта ешқандай облыс басып оза алмады. Мысалы облысымызда 65 мың 260 сәби дүниеге келді. Бұл тенденция жылдан жылға жалғасып жатыр. Жыл басынан бері 13 мың бала дүние келді».

2021 жылы туу коэффициенті де жаңа рекорд орнатты: 23,5, яғни 10 мың қазақстандыққа 235 жаңа туған нәрестеден келеді. Бұдан басқа, туудың жиынтық коэффициенті 3,32-ге жетті, яғни бір әйелге орта есеппен 3-баладан келеді. Мұндай рекордтық көрсеткіштер Қазақстанда соңғы екі жылда ғана тіркелген. Бір қызығы 2021 жылы туған нәрестелердің жалпы санының 28%-ы көп балалы отбасыларда дүниеге келді.

Tags: Turkistanzaman.kzБалалар жылындағы "Бэйби-бум"
Алдыңғы жаңалық

Ақша жинауға тыйым салынады

Келесі жаңалық

Қарбыз экспортқа дайын

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА

2 июня, 2025
N16 КОЛЛЕДЖІНДЕ “ТӘРТІП ТӘН ҮШІН, ЫНТЫМАҚ ЖАН ҮШІН КЕРЕК” АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

N16 КОЛЛЕДЖІНДЕ “ТӘРТІП ТӘН ҮШІН, ЫНТЫМАҚ ЖАН ҮШІН КЕРЕК” АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2 июня, 2025
Шардара: «Ой-дода» интеллектуалды сайысы өткізілді
Басты жаңалықтар

Шардара: «Ой-дода» интеллектуалды сайысы өткізілді

2 июня, 2025
«Құмар ойын құрдымға апарады»: жастармен маңызды кездесу өтті
Басты жаңалықтар

«Құмар ойын құрдымға апарады»: жастармен маңызды кездесу өтті

2 июня, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДРОНДАР ШЫҒАРЫЛАДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖОҒАРЫЛАП КЕЛЕДІ

2 июля, 2025

АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖАУАПТЫ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 июля, 2025

АӨК ЖАЛПЫ ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША 6 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ САРАЛАНДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

2 июля, 2025

ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУА МАЛ АЗЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІН ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛҒАН

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА «ҮКІЛІ ДОМБЫРА» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРЕТІН ЖАҢА НЫСАНДАРДЫҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

1 июля, 2025
Келесі жаңалық
Қарбыз экспортқа дайын

Қарбыз экспортқа дайын

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

saqnews.kz
1 июля, 2025
0

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

saqnews.kz
24 июня, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz