Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Денсаулық

Цой немен елдің есінде қалды?

21 декабря, 2021
in Денсаулық
0
0
SHARES
22
VIEWS

Алексей Цой Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығы Ақордада жарияланды. Былтыр маусым айында елімізде коронавирус эпидемиясы өршіп, өлім-жітім жағдайлары көбейген кезде басшылыққа келген ол келе сала бірден жаңа қаулылар мен бұйықтар шығарды. Соның бірі  — өткен жылдың қарашасынан бастап елімізде жыныс ауыстыруға рұқсат беруі. Тіпті ота «тегін» жасалады деген ақпар да тарады. Бұдан өзге, бас дәрігер қандай оқиғалармен елдің есінде қалды? Шынар Әділханқызының репортажы.

Пандемия кезінде елдің сынына ұшыраған денсаулық сақтау саласын игеріп әкету Алексей Цойға оңай болған жоқ. Алты жыл бойы денсаулық сақтау министрінің орынбасары болып келген ол былтыр 25 қарашада «жыныс ауыстыру» туралы бұйрыққа қол қойып, ел-жұртты дүр сілкіндірді. Абырой болғанда ел тағдырын ойлаған депутаттар министрді қолдай қоймады.

Бекболат Тілеухан, ҚР Мәжіліс депутаты:

«Балаларды зиянды ақпараттан қорғау барысында жыныстық азшылық топтың азғындығы, бір жынысты неке тәрізді құбыжық құбылыстан сақтайтын заңды нормаларды Парламентке енгізуді сұраймын».

Елімізде COVID-19-бен күрестің локдауннан басқа жолы болмады. Сосын Денсаулық сақтау министрі биыл 1 ақпаннан бастап республика бойынша жаппай вакцинациялауды бастап кетті.

Алексей Цой, экс денсаулық сақтау министрі:

«1 ақпаннан бастап вакцинация вакцинаның жеткізілуіне қарай кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бірінші кезекте жұқпалы аурулар, медицина қызметкерлері екпе алады. 18 жасқа дейінгі балалар мен 65 жастан асқан адамға салынбайды».

Барлық медицина қызметкерлері Ресейлік «Спутник-V» екпесін қабылдағанда Цой QazCovid-in вакцинасын салдырды. Онысын отандық екпе елге қауіпсіз деп түсіндірді. Өз сөзінде ол, қыркүйекке дейін Қазақстанда 10 млн адам екпе алуы тиіс деген болатын. Алайда жоспар орындалған жоқ. Қыркүйекке дейін 6,5 млн азамат қана вакцина алды. Тоқаев сәуір айында Цойға вакциналау қарқыны төмен екенін ескерткен болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев,  ҚР Президенті:

«Жұмысты жақсы бастадыңыз, кейін бәсеңдеп кеттіңіз. Сәуір айында жағдайды өзгертуіңіз керек. Әйтпесе, кадрлық ауысулар болуы мүмкін. Бұл сізге ұнамайтыны анық».

QazVac вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеу жұмысы созылып кетті. Цой министр боп тұрғанда бұл іс соңына дейін жеткізілген жоқ. Бас дәрігер жағдайды тұрақты баяндап отырса да, Мәжіліс төрағасы Цойды сынға алған еді. Ол елдегі жағдайды Еуропамен салыстырамын деп басы бәлеге қалды.

Нұрлан Нығматуллин,  ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

«Окоптан шығатын кез келді. Құрметті министр мырза, халықтың мұң-мұқтажын тыңдауға шығу керек. Адамдармен санитарлық дәрігердің қаулысы арқылы байланыс орнатуды қойыңыз. Ауруханаға барыңыз. Әсіресе, аудандық ауруханаға. Барыңыз да, қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділіктің шын мәнінде қандай екенін көзбен көріңіз».

Сонымен, қызметінен кеткен денсаулық сақтау министрі не істемек? Бұл Бұл туралы Цойдың өзі әлеуметтік желіде «денсаулық сақтау саласын ғылыми жолмен дамытуға үлес қоспақпын» деп жазды. Мемлекет басшысы Цойды коронавирусқа қарсы күресте атқарған жұмысына алғыс айтып шығарып салды.

Tags: Алексей Цойденсаулық сақтаужыныс ауыстыруКоронавируслокдаун
Алдыңғы жаңалық

Үш бірдей көпір жаңарды

Келесі жаңалық

100 мыңнан астам сәби дүниеге келді

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда жаңа перзентхана салынады
Cаясат

Түркістанда жаңа перзентхана салынады

13 мая, 2025
Денсаулық

Дәрігерлер науқасты емдеуден бас тарта алады

17 октября, 2022
Денсаулық

Елде жыл сайын 5000 әйел сүт безі қатерлі ісігіне шалдығады

14 октября, 2022
Елордалық дәрігерлер Атыраудан келген 5 жастағы науқасқа инновациялық ота жасады
Денсаулық

Елордалық дәрігерлер Атыраудан келген 5 жастағы науқасқа инновациялық ота жасады

22 сентября, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

18 августа, 2025

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

16 августа, 2025

Елдесу және татуласу – бейбіт өмірдің кепілі 🤝

16 августа, 2025

ТҮРКІСТАН: ҚХА-НЫҢ «САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «БЕС НӘРСЕДЕН ҚАШЫҚ БОЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ

15 августа, 2025

«ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАНДА АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

15 августа, 2025

Түркістан облысында халықтар достығы мен ынтымақтастығы нығаюда

14 августа, 2025

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

13 августа, 2025

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ БАС СУ ТОРАБЫ МЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

12 августа, 2025

ТҮРКІСТАНДА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖАСТАР МЕН ТҰРҒЫНДАРҒА «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫ ТАРАТЫЛДЫ

12 августа, 2025
Келесі жаңалық

100 мыңнан астам сәби дүниеге келді

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: 41 БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: 41 БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

saqnews.kz
26 мая, 2025
0

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

saqnews.kz
18 августа, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz